Пятница, 17.05.2024, 15:16
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Тақпақтар » Қазақ тілі туралы

АНА ТІЛІМ
12.07.2013, 12:52
Ана тілім -
Анам тілі болғаннан,
Ана тілім -
Бабам тілі болғаннан,
Далам тілі,
Балам тілі болғаннан,
Арғы-бергі Заман тілі болғаннан ...
Темірқазық жұлдызым деп ұқтым мен,
Жаза басып,
Жаңылыссам жолдардан,
Бағыт сілтеп,
Бағдарымды оңғарған!
 
Тірлігімнің,
Бірлігімнің нәрін мен
Жұтар ауам,
Ішер суым, дәміммен -
Тіл деп ұқтым,
Тіл деп ұқтым бәрін мен
Құдыретті тәңірден!
 
Жара түссе жазатайым жаныма
"Айналайын!" Деген сөзден табылды ем.
"Тіл өлгеннен - өлмейді адам", - дегенді
Көп естідім,
                    Бірақ оған мен енді
сенген жоқпын,
Тілсіз, ділсіз адамдар
көкірегі - көр, сезімі - тас керең-ді,
Көре алмайтын Биіктікті,
Ұға алмайтын Тереңді!
 
Сусыз, нұрсыз өспейтіндей гүл,
Тілсіз, жырсыз тіршілік те тұншығар.
Аспан, Жердің амандығын апаттан
Сақтап тұрған қасиетті Тіл шығар,
Тіл болмаса үнсіздікке кім шыдар?
 
Жалғасқанда жақсылықтың жолы әман,
Дүние - думан,
Шалқып - толқып толар ән.
Сырым - жырым,
Әнім - күйім,
Зар - мұңым,
Қуанышым - бұла күшім,
Таң нұрым -
Бабам тілі,
Анам тілі, бол аман!
                                                         Е.Зікібаев
Категория: Қазақ тілі туралы | Добавил: Zhantik | Теги: Қазақ тілі туралы тақпақтар, балаларға тақпақтар, ана тілі туралы тақпақтар
Просмотров: 1726 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.5/2
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: