Пятница, 17.05.2024, 13:26
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Тақпақтар » Қазақ тілі туралы

ТУҒАН ТІЛ ТУРАЛЫ ТӨРТТАҒАНДАР
12.07.2013, 17:14
Уақыттың желі аңызақ, күні небір,
Заманның болмай тұр ғой мұңы жеңіл.
Күн-көрік, ай-шырайлы Ана тілім!
Айнаңды сүрткім келер күніге бір.
 
***
Бұл кімнің қайдан шыққан бүлігі еді:
"Қазақ тілі - көшпенді тілі" деді.
Аристотель қазақша сөйлеп кетсе
Грекшесі пәс шығар ... кім біледі!
 
***
Қазақ тілі - парасат тілі нағыз;
Төле - толғау ... Абай - ой ... шырын - аңыз ...
Сайратып қойып Әбіш, Ақселеуді,
Сабырмен тыңдай берсек, тынығамыз.
 
 
***
Тіл арқылы асқақтар мінбе кейде,
Ғасырларда қорланар тілде бейне.
Күй сазындай күмбірлеп, әндей ескен
Алты жүз эпосы бар тіл кедей ме!
 
***
Қадырын сұлу білмес өз көркінің,
Ару тіл жайлап жаяр саз толқынын,
Шәкірт курд ... тілші жапон ... елші венгр ...
Сұрайды қазақшалап сөз төркінін.
 
***
Алаңсыз серуен күнге, думан түнге,
Халқымды - деп іздедім - қуанту не?
Түбі бір түркі тілдер кенішінен
Қазына қанша әкелдім туған тілге!
 
 
 
                                      ***
"Ана!" Десем ана тілі ойға оралар.
Баладай қуанарсың тойға барар.
Тыңдасаң көне аңыздан көркем нақыл
Олжам да қанжығама байлап алар.
 
                                      ***
Тере білсек бір - бір ауыз қара өлең,
Неше миллион інжу-маржан шамамен!
Қанша гүлден "қазақ тілі бақшасы,
Қандай дана өлшер қандай бағамен? "
 
                                      ***
Ерке тіл, еркелеткіш тілім - кенім:
"Еркежан, айналайын, күнім менің,
Ақ ботам, қоңыр қозым, алтын айым "
Қанша рет жүрек толқып, сүйінгенің!
 
                                      ***
Ана тілім ырысты ма, кұнды ма?
Деп сұрамас, тегін білген сұңғыла.
Туған тілде ас қайырған сайын да,
Оқығандай серпіліп қал бір дұға.
 
                                      ***
Шұлғытар орыс тілді Олжастарды,
Жарқырат қазақ тілі алмастарын.
Халқына олжа салған айта алады,
Кім қосты сандығыңа мен қосқанды!
 
                                      ***
Жұпарлы қырда алуан гүлдер таптым,
Өміршең өзіміздің тілден таптым.
Тіл екен жемістісі, жұпарлысы,
Аялап халық баққан гүл мен бақтың.
                                                                  М.Әлімбай
Категория: Қазақ тілі туралы | Добавил: Zhantik | Теги: Қазақ тілі туралы тақпақтар, балаларға тақпақтар, ана тілі туралы тақпақтар
Просмотров: 1548 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: