Пятница, 17.05.2024, 10:49
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Тақпақтар » Жыл мезгілдері туралы

Күз
11.07.2013, 21:03
Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Категория: Жыл мезгілдері туралы | Добавил: Zhantik | Теги: күз туралы тақпақтар
Просмотров: 1607 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
Комментарий #1
Написал: Жанбай Шүйіншәліұлы Өзденбаев   |   20.10.2017


e-Mail: jorajorin@mail.ru
IP: 92.47.92.45
Жаз кетті кенеттен

Кеудешесі кенептен,
Белгісіздеу себеппен,
Келте көйлек жаз кетті
«Қош» деместен, кенеттен.

Күздің мынау сыңайы –
Күміс селеу самайы.
Сәукеленіп қамысы
Судың салқын маңайы.

Мизам іліп гүліне
Ұзады жаз шынымен.
Үсті қырдың боз қырау
«Уһлеген» түнімен.

Озған күндер ілгері
Көшкен құстай күздегі –
Көкке қанша үңілсең
Көрінбейді іздері.

Жанбай Өзденбаев

Күрсінгенмен күз бүгін

Кеше тұрған жаз күліп,
Болмай шықты мәңгілік,
Дегенменен әлемді
Керегі жоқ жазғырып.

Шұрқ тесік үзігін,
Бүркегенмен күзгі күн
Сары айғыз бояуы
Жауын жуған жүзінің.

Үздігумен күздігүн,
Серуен құрдық біз бүгін,
Жас боп аққан сезімнің
Тежемедік тізгінін.

Күрсінгенмен күз бүгін,
Меңдемесін сізді мұң:
Кезі келіп сарғаю -
Белгісі ол ізгінің.

Жанбай Шүйіншәліұлы Өзденбаев
   
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: