Пятница, 17.05.2024, 11:47
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Тақпақтар » Жыл мезгілдері туралы

ЖАЗҒЫ ТАҢ
11.07.2013, 20:57
Жып жылы түн маужырап
Көтерілген жерден бу
Саф күмістей жарқырап
Тыныш жатқан тұнық су

Ақырын ескен жылы жел
Маужыратып, тербетіп -
Таң атсын деп жайнап гүл-
Өсіп балам ер жетіп

Таң атқанда жалбарып
Тәңіріге құлдық қылғаны
Ісіне оның таңданып
Көңілі хаққа сынғаны

Көкке тиген биік тау
Құшақтасқан тұманмен
Қосылысып есен-сау
Бал алысқан құмармен

Шырылдап торғай аспанда
Бытпылдығы ән қосып
Шала-шансар жатқанда
Табиғатқа жан қосып

Міне, алтын таң атты
Күншығыстан ағарып
Көтеріп зұлмат қанатты
Жер де кетті жаңарып

Таң, Күн деген жер жаны
Екеуінсіз жоқ сәні
Оқу-білім - ер жаны
Жараспас ерге құр жаны.
Категория: Жыл мезгілдері туралы | Добавил: Zhantik | Теги: жаз туралы тақпақтар
Просмотров: 895 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: