Пятница, 17.05.2024, 14:19
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Тақпақтар » Жыл мезгілдері туралы

ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІНІҢ ТАРТУЫ
11.07.2013, 21:01
- Ағылды сайға қар суы,
Көктемнің қандай тартуы?
- Күн көзі жерге қуатты
Төгеді нұрлы шуақты.
Жер жыртып, тұқым себеміз,
Жайнайды гүлмен көбеміз.

- Тараған көпке арайы -
Несімен қызық жаз айы?
- Су жылып, құм да қызады,
Ыстықтың жақсы ұзағы.
Шомылып көлге, гүл теріп ...
Қызық көп көрсең үлгеріп.

- Сыйлайды бізге қаласа,
Күз күні қандай тамаша!
- Дархан-ай дейді күзіңді,
Алмұрт, алма, жүзімді,
Басқа да жеміс жейсің ғой,
Бәрі де балдай дейсің ғой.

- Қызығын қандай құшақтап,
Келеді бізге қыс аппақ?
- Жүресің қарға омбылап,
Тұрсаң да тайып, он құлап.
Алма бет бала атанып,
Қайтасың үйге шаттанып.
Категория: Жыл мезгілдері туралы | Добавил: Zhantik | Теги: төрт мезгіл туралы тақпақтар
Просмотров: 1021 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: