Пятница, 03.05.2024, 21:09
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Ашық сабақтар жинағы » Сурет және сызу

Әдемі сызу
04.08.2013, 20:41
БҚО, Ақжайық ауданы,
Алмалы ауылы, Алмалы ОЖББМ
Сызу және экономика негіздерімен
қаржылық сауаттылық пәнінің мұғалімі:
Қаныбет Мазета

Әдемі сызу / оқушылар арасындағы сайыс /
Мақсаты: оқушылардың сызу пәніне деген қызығушылығын оятып, ұқыптылыққа, талғамға сай жұмыс жасай білуге ​​тәрбиелеу.

1. Сайысқа қатысушылар: Эльвира, Ақбота, Әйгерім, Әселхан
2. Сайыс бес сатыдан тұрады:
«Формат», «Сызық», «Қаріп», «Жұлдыз», «Эллипс»
3. Сайыста сызбаны орындау үшін қажет құралдар:
- Пішім А3.
- Қарындаш Т; ТМ; М.
- Сызғыш.
- Бұрыштықтар: 900х450х450; 900х600х300;
- Шеңберсызар
- Билеттер
4. Сайыс шарты:
- Әрбір сатыға ең жоғарғы баға-5
ең төменгі баға-4
- Сызбалар әдемі болуы керек.
- Қаріптердің параллелограмдары дәлме дәл сақталуы тиісті.
- Жұлдыздарды салғанда шеңберді тең бөліктерге бөлуде дәлдік болу назарға алынады.
- Эллипс сызықтары дәлме-дәл түйіндесуі керек.
- Негізгі сызықтар жуан негізгі сызықпен осьтер нүктелі үзілме сызықпен, ал басқалары тұтас жіңішке сызықпен сызылады.
- Қатысушылар таңдаған билеттерінде көрсетілген сұрақ-тапсырмаларды орындауға тиісті.
1-ші саты «Формат»
1. А1 форматтың өлшемі қандай?
2. А2 форматтың өлшемі қандай?
3. А3 форматтың өлшемі қандай?
4. А4 форматтың өлшемі қандай?

2-ші саты «Сызық»
1. Тұтас жуан негізгі сызықты сызу және өлшемін жазу.
2. Тұтас жіңішке сызықты сызу және өлшемін жазу.
3. Үзілме сызықты сызу және өлшемін жазу
4. Жіңішке нүктені үзілме сызықты сызу және өлшемін жазу

3-ші саты «Қаріп»
Б түріндегі өлшемі 14 болатын қаріптерді пайдаланып, сөздерді сызу.
1. Мектеп
2. Сынып
3. Тоғыз
4. Оқушы.
4-ші саты «Жұлдыз»

Диаметрі 10см болатын шеңбер ішіне жұлдыздар салу
1. 12 бұрышты
2. 8 бұрышты
3. 6 бұрышты
4. 5 бұрышты

5 - ші саты «Эллипс»
Сызбаға эллипстерді салу
1. Үлкен өсі 80 кіші өсі 46
2. Үлкен өсі 82 кіші өсі 48
3. Үлкен өсі 84 ​​кіші өсі 50
4. Үлкен өсі 86 кіші өсі 52
Сайыс қорытындысы.
Категория: Сурет және сызу | Добавил: Zhantik | Теги: сайыс, сурет, сызу, әдемі сызу
Просмотров: 1198 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: