Среда, 24.04.2024, 09:52
Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи

Всего материалов в каталоге: 389
Показано материалов: 1-30
Страницы: 1 2 3 ... 12 13 »


АЯДИЛЬ - "ая" айды көрікті, адалдықты және мәңгілікті білдіреді  

АЯЗБАЙ -  Аязды күндерде туған баласын осы атпен атады. Сөз бай аудармада түркі және қазақ тілдерден - бай немесе абадан адам белгілейді. Баяғыда термин бай әртүрлі пішінде пайдаланылды. Бай, бишігеш адамның титулымен болды. Бізді уақытты сөздің бөлігінің қызметін етеді, берекені, байлықты білдіреді.

АЯЗБЕК -  Аязды күндерде туған баласын осы атпен атады. Бек сөзі - атайман, күшті, емесқылмысты, берік. Баяғыда бек титулын оқшау от аттың пайдаланды, ол султандарға берілді, абыз беттері бар. Бізді уақытты бек көп атарда сөздің бөлігінің қызметін етеді.

АЯЗБИ -  Аязды күндерде туған баласын осы атпен атады. Би сөзі қазақ тілден сияқты азулы аударылады, қазы.

АЯЗХАН - Аязды күндерде туған балаларды осы атпен атады; бұрын күншығыс елдерде князьтің және монархтың атымен болып табылды.

Аян - араб тілінен аудармада ийан сөзі - "өз көзімен көру, ашықтық, ақиқат".

Аяпберген - қазақ тілінен аудармада аяп "өкініш" қазақ тілінен аудармада . Атың мағынасы - "Алламен берілген".

АЯТУЛЛА - Аят - деген құранның бір өлені. Сөздер Улла сөзінің арабтан аудармасы - Алла деген мағынаны білдіреді

Абрал - Араб тілінен аударғанда "афдал" сөзінің мағынасы: ең жақсы, өте әдемі, құрметті.

Абыз - араб тілінде "абыз" сөзі екі мағынада жұмсалады: 1) қорғаушы 2) оқымысты, ғалым, білімдар.

АБЫЛАЙ - араб тілінен аударғанда "әбіл" сөзі әке деген мағынаны береді. Ай - планета, ол әдемілік пен адалдықты және мәңгілікті білдіреді. Тарихи есім - Абылай хан.

АЗАМАТ - араб тілінен енген есім. Енгенде де қазақ арасына әбден сіңісті болып кеткен сөздердің бірі. Қазақ ішінде көп ұшырасқанымен, арабтар, жалпы, өзге түркілер мен мұсылман арасында мұндай ат кездеспейді. Араб тіліндегі нұсқасы - ". Аъзамат" Оны қазақша аударғанда «ұлы, дара, жоғары дәрежелі» деген мағынаны береді. «Ел аузында жүрер, халқына пана болар нағыз жігіт болсын» деген ниетпен қойылатын ныспы. Ел ішінде жиі кездеседі.

АЗАТ - қазақтың төл есімі. «Өз еркі өзінде, еркін» деген мағына береді. Қазақ елі Тәуелсіздік алған тұста осы есім жаңа туған сәбилерге көптеп қойыла бастады. «Азат, егемен елдің азаматы, тәуелсіз мемлекеттің тұтқасын ұстар ержүрек ұланы болсын» деген ниетпен қойылады. Ел ішінде жиі кездеседі. Және де халқымызда керегенің артық тұрған сыңар басын "азат бас» деп атайды.

АЛАН - қазақ халқында жолбарыстың күшігін алан деп айтады. Бұл сөздің араб, көне славян тілдерінде де бірнеше нұсқасы бар. Ел ішінде дүние есігін жаңа ашқан сәби қайратты, жолбарыс жүректі болсын деп осы есімді береді.

АЛДАНЫШ - қазақтың төл есімі. «Құдай тіл-көзден сақтасын, ата-анасының көз қуанышы, алданышы болсын» деген ниетпен қойылатын жұбаныш ныспысы. Бұл есім көбіне отбасындағы жалғыз балаға, сәбилер тұрақтамай жатқан кезде қойылады. Ел ішінде сирек кездесетін ныспы.

АЛДИЯРБЕК - қазақтың «алдияр» (ханға, төрелер мен сұлтандарға құрмет білдіру) және «бек» (рубасы, ел билеуші​​) сөздерінің бірігуінен құралған есім. «Алдияр» сөзі сондай-ақ араб тілінде "дос» деген де мағынаны береді. Бұл ныспыны жаңа туған сәбиге "ел басқарған дана, халыққа қызмет қылар ұлан болсын» деген ниетпен ырымдап қоятын болған. Ел ішінде өте сирек кездесетін есім.

АЛМАС - ежелгі түркі, татар тілдерінде кездеседі. Жаңа туған сәбиге ауру-сырқаудан аман болсын, жын-шайтан жуымасын деген ырыммен қойылатын есім. Парсы тілінде "асыл тас» деген мағына береді.

АЛТАЙ - түркі және моңғол тілдерінде "Алтай» сөзі «алтын» деген мағына береді. Күллі түркі жұртының алтын бесігіне айналған "Алтай» тауын моңғол халқы "Алтынтау» деп атайды. Қазақ жаңа туылған сәбиге жақсы адам болсын, өмірі тек жақсылықпен өрілсін деген ниетпен осы есімді береді. Алтай - ел ішінде жиі кездесетін есімдердің бірі.

АМАНАТ - бұл есім де қазақтың нышанды ныспысы. Жаңа туған сәбиді менің балам емес, халықтың баласы деп аманаттайды. Яки қариялар немересіне, шөбересіне осы есімді ырымдап қояды. «Баламның қалған өмірі сендерге аманат» деп ата-анасына табыстайды. АМАНАТ - ел ішінде сирек кездесетін есім.

АМАНГЕЛДІ - елі мен жерін қорғап, ат үстінен түспеген бабаларымыз қанды шайқастардан аман-есен еліне оралғанда жаңа туған нәрестеге ырымдап қойылатын есім. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де осы есімді қою ел ішінде белең алған.

АМАНЖАН - арабтың «әманун» (қауіпсіз, тыныш, жайлы) және түркінің "жан» сөзінің бірігуінен құралған есім. Түркі қауымы мен мұсылман жамағаты арасында тек қана қазаққа тән аттардың бірі. Көбіне жолаушылап кеткен жанның амандығын тілеген ниетпен қойылатын есім.

АНДАР - араб сөзінен шыққан. Жомарт, абзал, бекзат, бағалы деген мағына береді. Түркі жұртында ислам дінін қабылдағаннан кейін кең тараған ныспы. Жаңа туған нәрестеге сыйлы, салмақты, қолы ашық болсын деген ниетпен қойылатын есім. Қазіргі таңда бұл есім қазақ арасында өте сирек кездеседі.

АРАП - араб тілінен енген есім. «Ареф» сөзінің қазақыланған үлгісі болып табылады. Аударғанда абыз, мистик, әулие мағынасын береді. Жаратқанның ерекше қасиеті қонған, тылсым сырын білетін жандарды осылай деп атайтын болған. Исламдық философия мен шығыс әдебиетінде эрфан-мистика арнайы ағым ретінде қарастырылады да, оның өкілдерін ареф дейтін болған. Басқа мұсылмандар арасында бұл есім Ариф түрінде кездеседі. Қазақ арасында кейде әріп деп те қолданылады.

АРМАН - қазақ халқы сәби дүниеге келгенде, ата-анасының арман-мақсаты орындалса немесе ұзақ уақыт бойы сәби сүймеген отбасының шаңырағы шаттыққа бөленгенде, осы есімді береді. «Баламыз биіктерді бағындырсын, қамшының сабындай қысқа өмірде өзінің арманына жетсін» деген тікелей тілекпен де қойылады.

АРЫН - қазақтың төл есімі. Әдетте бұл есімді балам өнерге жақын болсын, арынды ақын, жалынды жырау болғай деген ниетпен қоятын болған. Бүгінде ел ішінде жиі кездесетін ныспы.

АРЫСТАНБЕК - таза қазақы есім. Жұлдызшылардың пайымына сенсек, осындай есімнің құрметіне бөленген жандардың көбі атына заты сай шығып отырған. Күштімен ғана тіресіп, кішіге тіс батырмайды. Ортасында ұйымдастырушылығымен көзге түсіп, көсемдігімен танылатыны байқалған. Әртістік қабілетке де ие. Сертке берік болғанымен, жақын дос жағы жетіспейді. Арыстан есімділер жеткілікті өмір сүруді қалайды. Мақсатқа адал, іскер, беделді. Әрдайым қол ұшын созуға даяр болғанымен, өз түйткілін көңіл түкпіріне қамап ұстайды. Әдемілікті жаны сүйеді. Басты кемшілігі - қияңқылығы және догматтығы.

АСАН - қазақ тіліне енген арабизмдер қатарына жатады. Араб тілінен аударғанда "асан» сөзі «өте әдемі, көрікті, сұлу, жақсы» дегенді білдіреді. Жаңа туған сәбиге жан дүниесі сұлу, көрікті азамат болып ержетсін деген ниетпен беріледі. Қазақ үшін қастерлі бұл есім көбіне аңызға айналған абыз тұлға Асан қайғының ныспысына байланыстырылып қойылады. Бұл есім ел ішінде жиі кездеседі.

АСЛАН - түрiктiң «арслан» сөзiнен шыққан, қазақша - арыстан.

АСТАНА - ежелгі шағатай тілінде көп кездеседі. Еңбектерін шағатай тілінде жазып қалдырған ұлы ғұлама, мұсылман әлемінің ұстазы Қожа Ахмет Ясауидің еңбектерінде "Астанаға басым қойып зар илесем» деп келетін өлең жолдары бар. «Астана - ақиқатқа ұластыратын қақпа, Құдайға бастайтын табалдырық» деген мағына береді. Бұл сөз "табалдырық, тұрақ, ұстын» мағынасында парсы тілінде де кездеседі.

АСХАТ - араб тілінде «берекелі», «табысты», «бақытты» дегенді білдіретін сөз.