Понедельник, 06.05.2024, 02:09
Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи

Всего материалов в каталоге: 389
Показано материалов: 361-389
Страницы: « 1 2 ... 11 12 13


Пәлен жерде бақыр бар,
Іздеп барсаң мыс та жоқ.

Жақсы жігіт жер шолып,
Ақыр түбі айналар.

Ат айналып қазығын табар,
Ер айналып елің табар.

Есің барда елің тап.

Жекен жерінде көгерер,
Ер елінде көгерер .

Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз елінде ұлтан бол.

Ер елінде,
Гүл жерінде.

Ит тойған жеріне
Ер туған жеріне

Туған жерге туың тік

Бір куні жындыханага тексеру келген екен. Комиссия кіріп келе жатса бір жынды жугіріп келіп мен Ленинмін депті. Ары журе бергенде баска жынды жугіріп келіп мен Ленинмін депті. Онын касындагы бір жынды ананы итеріп ол емес мен Ленинмін деп таласып жатыр екен. Булары несі деп Бас дәрігерден барып сураса, дәрігер жок олар емес мен Ленинмін деген екен!))))

Әкім жындыханаға келіп тексеру жүргізіп жатыр екен. Жындыхана бастығы: 
-Міне әкім аға, мынау біздің жындылар, тәулігіне 3 рет жақсы тамақ береміз. Отапление бар, су барі-бәрі жақсы, - деп мақтап жатса, әкім жаман жақтарын да байқап қояды да: 
-Анау не? Неге ана жерден су тамшылап тұр, Мынау жер неге лас. ЕЙ мен жатқанда мұндай емес еді ғой мына жер - деп айғай салыпты

Бірде мұғалім оқушыларынан еркін тақырыпта әңгіме құрастыруды сұрайды.
Ең соңғы партада отырған оқушыны тұрғызады
Мұғалім: Айта ғой….
Оқушы: Қыста бір ит мұз үстінде дәрет сындырып тұр…-дейді
Мұғалім: Мынауың ыңғайсыздау болды ғой-десе
Оқушы :Әрине ыңғайсыз, аяғы тайғанақтап әрең тұр-деген екен!

Бір еркек әйелімен көшеде келе жатса, қарсы алдарынан жолығысқан қалпақты кісі бұларға басындағы қалпағын шешіп иіліңкіреп амандасады. Сол кезде әйелдің күйеуі сүйсініп:
-Қандай ізетті жандар болады десеңші!-дейді. 
Бұған зайыбы қарсылық көрсетті, жақтырмаған кейіппен:
-Ізетті дейді ғой! Сен оның ұйықтағанда қорылдағанын білсең ғой!-деді ашуланып.

Папа, мыстандар өмірде жоқ қой, иә? 
Әкесі әйелі жаққа бір қарап: 
- Кішкентай кезімде мен де солай ойлағам!- деген екен

Әпербақандау жас жігіт, ұрттап алды ма кім білсін, шыжыған ыстыққа шыдамай кеуде жағын түгел шешіп пысынап төсегіне жатпас бұрын жолдастарының айтқаны есіне түсті. Олар бөлмедегі тарақандар мазаңды алмас үшін әр бұрышқа барып: «Менің бөлмемде тіске басар ештеңе жоқ» деп қайталасаң тыныш ұйықтайсың деген. Айтқандарын істеді.
Бірақ, түн ортасында әлде неден оянса, қарнының үсті қаптаған тарақан екен. Солардың кеуде жағына қаптағандардың бірі: «Біз саған тамақ әкелдік»,-дейді...

-Сенің күйеуің қандай шаруамен айналысады?
-Сырамен.
-Өндіре ме, жоқ болмаса, сатуға дайындап жүр ме?
-Сатып алады да ішеді.

Көршілер әңгімесі...
-Кеше сіз әйеліңізге неге соншама қатты айқайлап тиістіңіз?
-Ол ақшаны қайда жұмсап жібергенін айтпай қойды.
-Ал, жарайды, солай болсын дейік, бүгін неге айқайладыңыз?
-Бүгін ол ақшаны қалай жұмсағанын түп-түгел айтып берді...

Екі жігіт кездеседі. 
- Бүгін үйге келіп, шкафты ашсам, ішінде жалаңаш адам отыр! 
- Таң қалатын несі бар... 
- Қалай несі бар??? Мен бойдақпын ғой!

Науқас анализге үш литрлік банкіге толтырып кіші дәретін әкеледі. 
Медбике ашуланып: 
- Қасына бір чемодан үлкен дәретіңді де әкелмедің бе! 
- Ой! Жүрегіммен сездім ғой. Мінекей!

Телефоннан: 
-Сәлеметсізбе, сізге тоңазытқыш керек пә? 
-Жоқ, керек емес 
-Қазір келіп алып кетеміз

Троллейбуста қарт адам өте арық бір балаға орын беріп жатып: 
-Отыр қарағым, сен мүлдем ап-арықсың ғой,не ауырып жүрсің бе? 
-Жоқ рақмет, студенттпін ғой. 
-Тым болмаса бер плащыңды ұстай тұрайын да. 
-Ол, плащ емес ол менің досым Арман ғой!

Бір шал Эсма атты дүкенге келеді.Сонда шал: 
-Қызым маған 99 нан бересін ба?-дейді.Дүкенші атаға: 
-Ата 99 нан алғанша, бір жолата 100 нан алыңыз.-дейді.Сонда шал: 
-Қызым-ау оның барлығын кім жейді.-депті.

Астана халықаралық аеропортта Ағылшын, Француз, Қазақ шекарадан кіргелі тұрады.
Ағылшыннын чемоданынан 7 іш киім шығады. 
- Қалың іш киімді қайтпексің. 
Ағылшын:- Аптаның 7 күні бар, Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі.... әр күнге біреу ғой дейді. 
Француздан 8 іш киім шығады. 
-Жетеуді түсіндік, 8 қайткенін? 
-Аптаның жеті күні бар,Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі.... біреуі де запас қой дейді. 
Кезек Қазақтың чемоданына келеді, ішінен 12 іш киім шығады. 
Не бар болса Қазақта бар, міне таза жігіт деп сұрақты қайталаған екен; 
Қазақ:- Жылда он екі ай бар; Қаңтар, Ақпан, Наурыз.....

Бірде бір жанұяға жақсы хабар келіпті. Кішкентайлы болса керек. 
Қуанған енесі жаңа туылған немересін жақсы көргені соншалық, тіпті сәбиді қырқына шықпай жатып, енесі өз қойнына алып жатады екен. Ал, келіні сәбиін әрі сағынады, бері сағынады... Ал енесінің бергісі жоқ... Бір күні келіні ашуланып, енесіне барып: 
-Баламды қайтарыңыз өзіме, 9 ай, 9 күн күтіп, қаққан менмін! - деп сәбиін алып кетіпті... Ал, енесі бұдан былай немересін қатты сағынып, бірнеше күн немересінсіз жатып, әбден сағынады... Бір күні түнде енесі ашумен барып, келіні мен баласының бөлмесіне барып, көрпені суырып алып, келініне: 
-Баламды қайтар өзіме, 9 ай, 9 күн күтіп, қаққан менмін! - деп баласын алып кетіпті... Содан не керек, келіні бірнеше күн өзі жалғыз жатып жүріпті, ал ұлы түн батса бітті, шешесінің диванының түбінде бүрісіп жатады екен... Бір күні келіні енесіне: 
-Енешім... Балаға бала ауыстырайықшы...-депті.

Көз дәрігерінде
Науқас:
-Дәрігер, менің негізгі қиналысым үйлену тойымнан соң көз көруім хауіпті болып тұр.
-Оны қалай сезіне бастадыңыз?
-Той өткен біраз күндерден кейін-ақ үйде ақша көрмейтін болдым...


-Әке, маған барабан сатып әперші.
-Сонан соң даңғырлатып маған жұмыс істетпей қоясың ғой?
-Жоға, сен демалып не ұйықтап жатқан кезінде ғана даңғырлатамын.


Едет казах-таксист по Астане. Везет американца. Проезжают мимо небоскреба. 
Таксист: вот какую башню за 5 лет отгрохали! 
Американец: у нас такую за три строят... 
На следующий день везет японца. 
- вот какую башню за три года отгрохали! 
- у нас такую за год строят... 
На третий день везет русского. 
Русский: оппа! это чо за башня такая?! 
Казах: не знаю, вчера ее еще не было.


Тоқтап тұрған пойызға кіріп, сүйіктісін іздеген Дартаньян: 
- Констанция! Констанция! деп айқалай беріпті. 
Шыдамы таусылған бір шал: 
-Ой анаңның... Қай станция деп басымызды ауырттың ғой, бұл Құлсары, не істейін деп едің!?



Соқыр(слепой) мен Керең(глухой) охотаға барыпты. Керең мылтық ата алмайды екен. Соқыр мылтықты ұстап тұрыпты. Керең үйректі байқап қалып: 
-Үйрек!- деп айғайлапты. Соқыр мылтықтың шүріппесін басып жіберіпті, де Кереңнен сұрапты: 
-Тиді ма?- деп сұраса, керең: 
-Аттың ба?- деп сұрапты.


1-30 31-60 ... 301-330 331-360 361-389