Понедельник, 06.05.2024, 11:35
Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи

Всего материалов в каталоге: 389
Показано материалов: 31-60
Страницы: « 1 2 3 4 ... 12 13 »


АХАТ - арабтың «уахид» (жалғыз, дара) сөзінен шығады.

АҒЗАМ - арабтың «аъзам» (ұлы) сөзінен шығады. Мәртебесі биік мағынасында қолданылады.

АҚМЫРЗА - қазақтың төл есімі. «Ақ» (шын, тура, ақиқат, хақ) және «мырза» (қолы ашық, жомарт, сауатты, білімді және әмірші әулеттердің атына айтылатын сыпайыгерлік сөзі) сөздерінің бірігуінен құралған ныспы. Қолы ашық, жолы ашық, көңілі кең, жүрегі ақ азамат болсын деген ниетпен қойылады. Ел ішінде сирек кездесетін есім. Көбіне жеңгелері жақсы көрген қайныларын осылай атап жатады.

АҚҰШТАП - қазақтың төл есімі. Күнге оңбайтын, тез тозбайтын, бағалы жібек матаны "ұштап» деп айтатын болған. Кезінде Жібек жолы арқылы Иран жақтан ұштап матасы көп тасымалданған. Жаңа туылған сәбиге өмірі мәнді, елдің назарында болсын деген ниетпен қоятын болған. Ал белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева ақ таңда, яғни таң алдында дүниеге келгендіктен, оның есімін Ақұштап деп қойған екен. Ел ішінде өте сирек кездесетін ныспы.

Ел шарасыз болмас, 
Ер жарасыз болмас.

Ат ерінді келер,
Ер мұрынды келер.

Түзде жүріп, 
Жау жайратқан батырмын. 
Үйге келіп, 
Құрт қайнатқан батырмын.

Батыр — елдің сәулеті, 
Бал құрақ — көлдің сәулеті.

Ел даусыз болмайды, 
Ер жаусыз болмайды.

Батыр мың қол бастайды. 
Шешен тар жерде сөз бастайды.

Өзі істеген өкінбес.

Ер еруде бала мінезді, 
Ер сайыста шапа мінезді.

Есебін тапқан жігітке, 
Ердің құны сөз емес.

Ат аунаған жерде түк қалар.

Үйіңе келгенде, үйдей өкпеңді айтпа!

Ер кезегі үшке дейін.

Батыр мақтанса, 
Жауға шапқанын айтар, 
Қу мақтанса, 
Алдап қаққанын айтар.

Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені, 
Еменнің иілгені сынғаны.

Ел сүйінгенде — сүйінген батыр, 
Ерегісте мыңға татыр.

Ердің сыншысы — елі, 
Ел күйінгенде — күйінген батыр,

Ер — елдің ық жағының қаласы, 
Жел жағының панасы.

Ер басына күн туса, 
Етігімен су кешер. 
Үйде шешен — дауға жоқ, 
Үйде батыр — жауға жоқ.

Ат басына күн туса,  
Ауыздығымен су ішер.

Шын батыр сын үстінде танылар.

Шын ер жеңсе тасымас, 
Жеңілсе жасымас.

Қашпақ, қумақ ерге сын, 
Көшпек, қонбақ жерге сын.

Қашқан жауға қатын да ер.

Жүк ауырын нар көтереді, 
Ел ауырын ер көтереді.

Болат қайнауда шынығады, 
Батыр майданда шынығады.

Әлі келген алып та жығады, 
Шалып та жығады.