Понедельник, 06.05.2024, 02:27
Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи

Всего материалов в каталоге: 389
Показано материалов: 61-90
Страницы: « 1 2 3 4 5 ... 12 13 »


Палуанға оң, терісі бірдей.

Шын орақшы орақ тандамайды 
Шын батыр құрал тандамайды.

Батыр туса — ел ырысы, 
Жаңбыр жауса — жер ырысы.

Ер жігіт ел үшін туады, 
Ел үшін өледі.

Ер жігіт үйде туып, 
Түзде өлер.

Аман ердің аты шығар.

Ерді намыс өлтірер.

Айласыз батыр алдырар. 
Күш атасын танымас.

Ер қанаты — ат.

Ер қартайса қазаншы болар, 
Бүркіт қартайса тышқаншы болар.

Ылдыйсыз өр болмайды, 
Қапысын таппас ер болмайды.

Алыстан шабынған ердің күші қайтар.

Оқ жетпес жерге, қылыш суырма.

Бөрі азығы мең ер азығы жолында.

Айлалы батыр алдырмас.

Ерлік білекте емес, жүректе.

Батыр бір оқтық, 
Бай бір жұттық.

Ерегісте ер өлер, 
Екі батыр егессе, 
Екеуінің бірі өлер.

Бас жарылса, бөрік ішінде, 
Қол сынса, жең ішінде.


Сойылды сала білмеген, өзіне тигізер. 
Бөріктінің намысы бар.


Уайым — ердің қорғаны.


Ер сыйлаған есікке отырмас.


Ерден ердің қаупі бар
Ер намысының құлы.


Бесік - баланы бөлейтін қастерлі мүлік. Оның жастық, мамық, жаялық, тартпа, түбек, шүмек, бесік жапқыш т.б. бөліктері мен бұйымдары болады.


Шатыр - жауыннан, ыстықта күн көзінен корғанатын жиналмалы баспана.


Жүк - сандық үстіне жиналған төсек-орын. Жүкжапқыш - жүк үстіне жабатын кестелі жапқыш.


Боқша - кітап немесе зат салатын, киізден немесе қалың матадан жасалған дорба.


Кірсалғыш - жеңіл бұйымдарды салып, кереге басына ілетін, матадан әшекейлеп жасаған бұйым.


Бөстек - қозы, тоқты терісінен жасалған төсеніш.


Жастық ағаш - жастық астына коятын ағаш мүлік.