Воскресенье, 19.05.2024, 04:57
Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи

Всего материалов в каталоге: 389
Показано материалов: 121-150
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 7 ... 12 13 »


Жабық - туырлықтардың бір-біріне айқаса жабылатын тұсы.


Бақан - шаңырақ көтеретін, киіз есікті көтеріп қоятын, бір жақ басы аша ұзын ағаш.


Күйеу қазық - үй сыртында жел арқан байланатын қазық.


Жел арқан - дауылды күндері үйді бастыра тартатын арқан.


Кереге қап - сырлы кереге қажалмас үшін, әрі көгіне су тимес үшін қапталған киіз.


Керегені аяғы - керегенің жерге тірелген жағы. 


Керегенің басы - керегенің жоғарғы жағы. 


Тастама - киіз есігін жоғарыдан шаңырақ арқылы маңдайшаға байлайтын бау.


Есікбау - киіз есіктің бауы.


Аяқбау - уыққа сәндік үшін байлайтын түрлі жіптер шоғы.


Балақбау - көшкенде уықтарды қосып байлайтын баулар.


Желбау - сәндік үшін шаңыраққа байланатын шашақты баулар. Желді күні үй шайқалмас үшін оған салмақ байланады.


Басқұр - кереге басы туырлықты тесіп кетпеу үшін үй айнала жүргізілетін (тартылатын) жалпақ оюлы құр.


Таңғыш құр - үй тіккенде керегелерді бір-біріне қосып байлайтын терме бау.


Шым ши - ою-өрнекті, жүн оралған, туырлық ішінен тартылатын ши.


Ақ ши - кереге сыртынан, кейде туырлық сыртынан орай тартылатын тоқыма ши.


Ши - киіз үй бөлшегін, тұрмыс бұйымын жасайтын өсімдік.


Түндік бау - түндікті белдеуге байлайтын бау. 


Түндік - шаңырақ үстінен жабылатын төрт- бұрышты киіз.


Дөдеге (үзікті үй) - үй сыртында кереге басы тұсына киізден оюлап жасалған әшекейлі киіз. 


Үзік - ордада кереге мен шаңыраққа дейін жабатын туырлық бөлігі.


Туырлық — ордада кереге бойын, шағын үйлерде шаңыраққа дейін жабатын киіз.


Бақалақ - сықырлауықты жапқанда маңдайшада бекітіп тұратын айналмалы ағаш тиек.


Босаға - маңдайша мен табалдырықты қосатын және кереге бекітілетін ағаш.


Табалдырық - екі босағаны төменгі жағынан ұстап тұратын ағаш.


Маңдайша - екі босағаны жоғарғы жағынан ұстап тұратын берік ағаш.


Киіз есік - сықырлауықтың сыртынан жабылатын есік.


Сықырлауық - киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі.


Азат көз - керегенің көктелмеген жерлері. 


Көз - керегенің тор көздері (тор көз, жел көз).