Воскресенье, 19.05.2024, 04:31
Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи

Всего материалов в каталоге: 389
Показано материалов: 91-120
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 ... 12 13 »


Жастық - басқа жастайтын құс жүнінен жасалған мүлік.


Мамық - құс жүнінен жасалған жатын төсеніш.


Шыпта - ас тұратын жерді қалқалап қоятын ши.


Тулақ - босаға жаққа төселетін мал терісі.


От киіз - от басына, ошақ касына төселетін кесек киіз.


Талдырма - жұмсақтөсеніш киіз.


Сырмақ- киізден сырып жасалатын тұскиіз немесе төсеніш.


Көрпеше - бір адам отыратын шағын көрпе. 


Төсек көрпе - адамдар астына төсейтін көрпе. 


Көрпе - ішіне жүн, мақта салып, матадан тігілген жамылғы.


Шымылдық - ерлі-зайыптылардын жатарда тұсына ұстайтын, ақ матадан тігілген перде.


Алаша - ормекпен тоқылып, қосылатын кілемше. 


Текемет - түрлі түсті, ою-орнекті түр салып, киізден басылатын төсеніш.


Тұскиіз -тоқылған, жүннен басылған немесе матадан кестеленген керегеге ілетін кілемше. 


Кілем - жүннен тоқылатын бұйым.


Шабадан - ішіне көрпе, жастық, киім, бұйым салатын қалың матадан, киізден оюлап жасалған мүлік.


Төсекағаш - кереует.


Кебеже - өрнектеліп жасалған жәшіктің бір түрі. 


Жүкаяқ - сандық астына тұратын оюлы төрт аяқты ағаш.


Қобдиша - сандықтың кішкене түрі.


Жәшік - қақпақпен жабылатын төрт аяқты мүлік.


Жағлан - сыртын былғарымен қаптаған сандық түрі.


Сандыққап - көшкенде қажалмас үшін киізден жасалған жұмсақ қаптама.


Сандық - зат салатын оюлы, сырты темірмен қапталған үй мүлкі.


Әбдіре - зат, киім, бұйым салып қоятын үлкен сандықтың қарапайым түрі.


Асадал - ыдыс-аяқ қоятын жәшік.


Адалбақан - киім ілуге арналған ашалы, ою-өрнекті ағаш.


Үй жиһаздары - үй ішіндегі дүние-мүліктердің жалпы атауы.


Бас арқан - үйдің барлық салмағын ұстап тұратын, кереге басын орай маңдайшаға бекітілетін берік арқан.


Белдеу - жел тұрғанда туырлық көтеріліп кетпес үшін үй сыртынан екі жерден тартылатын арқан.