Понедельник, 06.05.2024, 09:33
Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи

Всего материалов в каталоге: 389
Показано материалов: 331-360
Страницы: « 1 2 ... 10 11 12 13 »


Жан қиналмай  
Жұмыс бітпес. 
Талап қылмай 
Мұратқа жетпес.

Рахаттың түбі кейіс,  
Бейнеттің түбі кеңіс.

Еңбегі аздың өнбегі аз.

Еңбек қылсаң ерінбей, 
Тояды қарның тіленбей.

Қатты жерге қақ тұрар,  
Қайратты ерге бақ тұрар.

Кәсіп, кәсіп түбі — нәсіп.

Ер қадірін ер білер, 
Зер қадірін зергер білер.

Еңбек етсең емерсің.

Бейнет,  Бейнет тубі зейнет.

Еңбек түбі - береке 
Көптін түбі - береке

Мал қонысын іздейді, 
Ер туысын іздейді.

Қараған өз жерінде гүрілдер.

Кісі елінде күркірегенше, 
Өз жерінде дүркіре.

Бақа көлінде патша. 
Балық суында патша. 
Жігіт елінде патша,

Туған жердің жері де көрікті,  
Елі де сүйікті.

Шетте жүріп тарығарсың, 
Өз елінді сағынарсың.

Туған жердің кәдірін 
Шетте жүрсең білерсің.

Отансыз адам —
Ормансыз бұлбұл.

Отан оттан да ыстық.

Құлан өз қағынан өзі жерімес.

Елінен безген ер оңбас,
Көлінен безген қаз оңбас.

Өз елімнің басы болмасам да, 
Сайының тасы болайын.

Ел іші — алтын бесік.

Тұғырына саңғыған, 
Сұңқар оңбас,
Үйірінен қаңғыған, 
Тұлпар оңбас.

Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары.

Ат үйірін сағынса,
Артқы аяғын қағынар.
Ер үйірін сағынса,
Айыр-тұрман тағынар.

Туған жердің күні де ыстық,
Түні де ыстық.

Сағынған елің аңсайды,
Сарыала көлің аңсайды.

Өз елім, өлең төсегім.

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.