Понедельник, 06.05.2024, 04:34
Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Мақал-мәтелдер

В разделе материалов: 236
Показано материалов: 1-30
Страницы: 1 2 3 ... 7 8 »


Ел шарасыз болмас, 
Ер жарасыз болмас.

Ат ерінді келер,
Ер мұрынды келер.

Түзде жүріп, 
Жау жайратқан батырмын. 
Үйге келіп, 
Құрт қайнатқан батырмын.

Батыр — елдің сәулеті, 
Бал құрақ — көлдің сәулеті.

Ел даусыз болмайды, 
Ер жаусыз болмайды.

Батыр мың қол бастайды. 
Шешен тар жерде сөз бастайды.

Өзі істеген өкінбес.

Ер еруде бала мінезді, 
Ер сайыста шапа мінезді.

Есебін тапқан жігітке, 
Ердің құны сөз емес.

Ат аунаған жерде түк қалар.

Үйіңе келгенде, үйдей өкпеңді айтпа!

Ер кезегі үшке дейін.

Батыр мақтанса, 
Жауға шапқанын айтар, 
Қу мақтанса, 
Алдап қаққанын айтар.

Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені, 
Еменнің иілгені сынғаны.

Ел сүйінгенде — сүйінген батыр, 
Ерегісте мыңға татыр.

Ердің сыншысы — елі, 
Ел күйінгенде — күйінген батыр,

Ер — елдің ық жағының қаласы, 
Жел жағының панасы.

Ер басына күн туса, 
Етігімен су кешер. 
Үйде шешен — дауға жоқ, 
Үйде батыр — жауға жоқ.

Ат басына күн туса,  
Ауыздығымен су ішер.

Шын батыр сын үстінде танылар.

Шын ер жеңсе тасымас, 
Жеңілсе жасымас.

Қашпақ, қумақ ерге сын, 
Көшпек, қонбақ жерге сын.

Қашқан жауға қатын да ер.

Жүк ауырын нар көтереді, 
Ел ауырын ер көтереді.

Болат қайнауда шынығады, 
Батыр майданда шынығады.

Әлі келген алып та жығады, 
Шалып та жығады.

Палуанға оң, терісі бірдей.

Шын орақшы орақ тандамайды 
Шын батыр құрал тандамайды.

Батыр туса — ел ырысы, 
Жаңбыр жауса — жер ырысы.

Ер жігіт ел үшін туады, 
Ел үшін өледі.