Воскресенье, 19.05.2024, 06:36
Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Мақал-мәтелдер

В разделе материалов: 236
Показано материалов: 181-210
Страницы: « 1 2 ... 5 6 7 8 »


Ерте тұрған жігіттің  
Ырысы артық, 
Ерте тұрған әйелдің 
Бір ісі артық.

Көз қорқақ, 
Қол батыр.

Еңбексiз iс бiтпейдi, 
Ерiншектiң қолы жетпейдi.

Шапқан озар, 
Жатқан қалар.

Жас кезiмде бейнет бер, 
Қартайғанда дәулет бер.

Қайраты бар кiсiнiң, 
Берекетi бар iсiнiң.

Тек жүргенше, 
Тегін істе.

Еңбегі ештің, тұзы сор.

Қолы қимылдағанның, Аузы қимылдар.

Бейнетсіз рахат жоқ.

Кезі келсе — кетпен шап, Майырылмаса қайырылсын.

Еңбегі ештің — Күні кеш.

Ер еңбегіне бір түйсін.

Етікті нәл сақтайды, 
Жігітті өл сақтайды.

Келген дәулет, 
Кеткен бейнет.

Ер дәулеті — еңбек.

Қарманған қарап қалмас.

Жан қиналмай  
Жұмыс бітпес. 
Талап қылмай 
Мұратқа жетпес.

Рахаттың түбі кейіс,  
Бейнеттің түбі кеңіс.

Еңбегі аздың өнбегі аз.

Еңбек қылсаң ерінбей, 
Тояды қарның тіленбей.

Қатты жерге қақ тұрар,  
Қайратты ерге бақ тұрар.

Кәсіп, кәсіп түбі — нәсіп.

Ер қадірін ер білер, 
Зер қадірін зергер білер.

Еңбек етсең емерсің.

Бейнет,  Бейнет тубі зейнет.

Еңбек түбі - береке 
Көптін түбі - береке

Мал қонысын іздейді, 
Ер туысын іздейді.

Қараған өз жерінде гүрілдер.

Кісі елінде күркірегенше, 
Өз жерінде дүркіре.