| Главная » Статьи » Мақал-мәтелдер |
| В разделе материалов: 236 Показано материалов: 121-150 |
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 7 8 » |
Еңбекшіге әр күн сәт,
Еңбексізге бір күн сәт.
Көп істеген,
Құп істейді.
Бір еңбек еткен, екі етеді,
Екі еткен әдет етеді.
Еңбек қылмай ер оңбас,
Бірлік қылмай ел оңбас.
Еңбексіз елге симас.
Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесең жерге өкпелеме.
Еңбек өмірді ажарлайды.
Азығымен жер мүсінді,
Еңбегімен ер мүсінді.
Ұқыпты етегін жабады,
Ұқыпсыз ұятын табады.
Істеу қиын, сынау оңай.
Еңбек патшалықты асырайды.
Еңбекшінің мұртын балта кеспес.
Еңбек шаһар түзетеді,
Еңбексіздік оны жүдетеді.
Еңбек те ептілікті тілейді,
Ерлік те ептілікті тілейді.
Келісті келбет ерде бар,
Қымбатты қазына жерде бар.
Ерінбей еңбек қыл,
Жалықпай өнер біл.
Көп еңбегі пәрменді.
Көп еңбегі көлмен тең.
Еңбексіз өмір, сөнген көмір.
Еңбегі жанғанның
Тоқтысы егіз туады.
Егіні біткеннің
Қырманына қыдыр қонады.
Ерінбегеннің еңбегі оңады.
Еңбегі оңғанның үйіне қыдыр қонады,
Еңбек — адамның екінші анасы.
Енді — еңбек бейнет емес, зейнет.
Жас күніңде еңбек қылсаң,
Есейгенше жетілерсің.
Бақыт кілті еңбекте.
Жұмыстың жаманы жоқ.
Ез, езден без.
Еңбек мүратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер.
Еңбек ет те, елге жет.