Воскресенье, 19.05.2024, 02:41
Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Мақал-мәтелдер

В разделе материалов: 236
Показано материалов: 31-60
Страницы: « 1 2 3 4 ... 7 8 »


Ер жігіт үйде туып, 
Түзде өлер.

Аман ердің аты шығар.

Ерді намыс өлтірер.

Айласыз батыр алдырар. 
Күш атасын танымас.

Ер қанаты — ат.

Ер қартайса қазаншы болар, 
Бүркіт қартайса тышқаншы болар.

Ылдыйсыз өр болмайды, 
Қапысын таппас ер болмайды.

Алыстан шабынған ердің күші қайтар.

Оқ жетпес жерге, қылыш суырма.

Бөрі азығы мең ер азығы жолында.

Айлалы батыр алдырмас.

Ерлік білекте емес, жүректе.

Батыр бір оқтық, 
Бай бір жұттық.

Ерегісте ер өлер, 
Екі батыр егессе, 
Екеуінің бірі өлер.

Бас жарылса, бөрік ішінде, 
Қол сынса, жең ішінде.


Сойылды сала білмеген, өзіне тигізер. 
Бөріктінің намысы бар.


Уайым — ердің қорғаны.


Ер сыйлаған есікке отырмас.


Ерден ердің қаупі бар
Ер намысының құлы.


Ер мойныңда қыл арқан шірімес.

Алыспақ бар, атыспақ жоқ.

Ел үмітін ер ақтар, 
Ер атағын ел сақтар


Нар тәуекел ер кісі.


Ер жігіт не көрмейді, 
Ер көңіл не бермейді.


Батырдан сауға,
Мергеннен сыралқы.


Малы жоқ деп, 
Ерден түңілме, 
Шөбі жоқ деп, 
Жерден түңілме.


Ер азамат белгісі — 
Түзде мырза, үйде қүл.


Су тасыса жиегіне,
Ер тасыса еліне.


Ер аруағы қарулы.


Ер сүрінбей ел танымас,
Ат сүрінбей жер танымас.