Понедельник, 23.02.2026, 19:51
Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Мақал-мәтелдер

В разделе материалов: 236
Показано материалов: 91-120
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 7 8 »


Көп қолдаса жауды жеңеді.

Ықылас пен ынтымақ, 
Бітер іске болсын тап.

Ынтымақты колхоздың шаруасы сай,  
Шаруасы сай колхоздың өмірі бай.

Ынтымақ — бұзылмайтын қорған.

Күшенген жеңбейді, 
Күші көп жеңеді.

Көптеген жау алады, Көмектескен дау алады.

Бірлікті ел бұзылмас. 

Бірлік, ынтымақ — байлық, бақ. 

Ынтымақ болмай іс оңбас.

Ынтымақ істі бітірер.

Қырық кісі бір жақ, 
Қыңыр кісі бір жақ.

Бір жеңнен қол шығар, 
Бір жағадан бас шығар.

Көнектен шошыған бие оңбас.  
Көптен бөлінген үй оңбас.

Ынтымақтың түбі — игілік,  
Тірлік, тірлік түбі бірлік.

Ұрыс ырысты қашырар,  
Ынтымақ халықты асырар.

Кеңеспен пішкен тон  
Келте болмас.

Кеңеспен кескен қол ауырмас.

Мың қосшыға бір басшы.

Ағайын тату болса ат көп,  
Абысын тату болса ас көп.

Саяқ жүрсең, таяқ жерсің.

Теңге — тиыннан, 
Ынтымақ — ұйымнан.

Ынтымақ түбі — бірлік.

Екі құзғын таласса, 
Бір қарғаға жем түсер.

Тозған қазды  
Топтанған қарға алады.

Алтау ала болса, 
Ауыздағы кетеді. 
Төртеу түгел болса, 
Төбедегі келеді.

Бірлік болмай, 
Тірлік болмас.

Ырыс алды — ынтымақ.

Қазарсың арықты, 
Көрерсің жарықты.

Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,  
Бітірген ісін сұра.

Басты "құдай” береді, 
Малды қайрат береді.