Воскресенье, 19.05.2024, 05:08
Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Мақал-мәтелдер

В разделе материалов: 236
Показано материалов: 61-90
Страницы: « 1 2 3 4 5 ... 7 8 »


Ер тарықпай молықпайды.


Ер шекіспей бекіспейді.


Ер қаруы — бес қару.


Бас-басыңа би болсаң,

Мана тауға симассың.  

Бір данаға жол берсең,

Жанға отқа күймессің.


Біршілік болмай,

Тіршілік болмайды.


Аз да бітер, көп те бітер, 

Татулыққа не жетер.


Ақыдцаспасаң,кем кесерсің.

Ауыл болсаң — қауым бол.


Ақылдассаң шешерсің.


Көпшіліктің қолы ұзын.


Ынтымақтың иығы биік.


Біріккен — батыр,


Ынтымақ — оқ өтпес сауыт,

Татулық — тамаша сауық.


Игілік — басы ынтымақ;

Ынтымақты елде күншуақ.


Бірлік жоқ болса, үйым жоқ,

Үйым жоқ болса, күйің жоқ.


Бір кісі мың кісіге олжа салады.


Біріккен жүз,

Бытыраңқы мынды алады.


Кеңесті жерде кемдік жоқ,

Кеңессіз жерде тендік жоқ.


Көптен қашқан көмусіз қалар.


Бүлінгенді бөрі жейді.


Айырылсаң — азарсың,

Қосылсаң — озарсың.


Жалғыздың күні шықпайды,

Жалғыз қарғаның үні шықпайды.


Көптен қоян құтылмас.


Саусақ бірікпей

Ине ілікпейді.


Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады.


Көп тепкен жерден көл шығады.

Татулықта табыс мол.


Көпке топырақ шашпа.

Көп ел — сарқылмас көл.

Күш бірлікте. 

Аздың азаншысы болғанша, 
Көптің қазаншысы бол.

Біреуің бас, біреуің аяқ бол  
Біреуің құйрық, біреуің қанат бол.