Понедельник, 29.04.2024, 20:02
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Ашық сабақтар жинағы » Сурет және сызу

Құстарды мүсіндейміз
[ Скачать с сервера (97.3 Kb) ] 04.08.2013, 20:33
Сабақтың тақырыбы: Құстарды мүсіндейміз (презентациясымен)
ІІ. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: мүсін өнері туралы түсінігін кеңейту, түрлі мүсіндеу тәсілдерімен танысу, бедерлі мүсіндеуді үйрену
Дамытушылық: дағдысы мен біліктілігін жетілдіру; байқағыштығы мен зейінін дамыту; қол ептілігіне жаттықтыру.
Тәрбиелік: мүсіндеу арқылы эстетикалық тәрбие беру; табиғатты аялауға, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақ типі: жаңа оқу материалын меңгерту.
IV. Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
В. Сабақ көрнекілігі: Слайдтар: құс бейнесі суреттерінің көшірмесі, фотосуреттер, ермексаздан жасалған мүсін үлгілері.
VI. Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру сәті. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сурау.
І топ. Сыйқырлы орман туралы не білдіңдер?
ІІ топ. Сыйқырлы орман нелерден құралады?
ІІІ топ. Суретке қарап нені ұқтың?

Ой қозғау
Бейбітшілік құсы деп, айтады оны барша жұрт. (Көгершін)
Қайталап әнімді, көктемде ән салам (көкек)
Су бетін сызып, аққұман жүр жүзіп. (Аққу)
Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады. (Қарлығаш)
Бір құс бар, үлпілдеген жүні жұмсақ,
Тұяғы бейне болат алмас пышақ.
Тұмсығы имек көрмейді күндіз көзі,
Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады. (Үкі)
Биік шыңда тұрады,
Қалықтайды төбеңде.
Көз тастайды қырағы,
Қонбайды ол төменге (бүркіт)
Барлығының жауабын таптыңыздар. Енді осы жұмбақтардың жауабын не деп атаймыз.
Құстар. Олай болса жаңа сабағымыз Құстарды мүсіндейміз.

Жаңа сабақ
Құс суретінің көшірмесі мен фотосуреттеріне қарап, құстар жайлы, құстардың пайдасы туралы әңгімелесу.
Жер бетінде қанша құс бар? Өте көп, тек біздің еліміздің өзінде ғана құстардың мыңдаған түрлері кездеседі.
Олар ауылда, қала, тауда, су қоймаларында - барлық өңірде тіршілік етеді. Құстар адамға пайда әкеледі. Құстар болмаса, зиянкес жәндіктердің кесірінен егін шықпай қалады.
Слайд - құс фотосуреттерін көрсету. Өткен сабақтарда мүсін өнерімен танысып, мүсін жайлы түсінік алдық.
Мүсін дегеніміз не?
Мүсіннің қандай түрлерін білесіңдер?
Мүсін дегеніміз - тас, ағаш, металл, саз балшық және ермексаздан сомдалған бейнелер.
Жұмыр мүсін және бедерлі мүсін.
Мүсіннің барлық жағынан көрінетін түрін жұмыр мүсін деп атаймыз.
Жазықтық бетінен жартылай шығыңқы түрін бедерлі мүсін деп атаймыз.
Жұмыр мүсін
Бедерлі мүсін Слайд - шоу - құстар мүсіндерін көрсету.

Оқушылар сендер бауырсақ ертегісін білесіңдер ме? Біздер бүгінгі сабағымызды ертегі желісі бойынша алдық. Бүгін біздер бауырсақты құтқаруымыз керек.
Аюдың тапсырмасы
Құстармен танысайық. Көрсетілген құстарды үй құстарын және дала құстарын ажыратып жазу керек.

Сергіту сәті: Ақ көгершін биі
Қасқырдың тапсырмасы
«Ойға жина» Дүниетану, әдебиеттік оқу кітаптарынан құстарға байланысты мәтін үзіндісі берілген. Тапсырма соның тақырыбын табуларыңыз керек.
І топ Құстар жыл сайын ұя салады немесе ескілерін жөндейді. Бұл үшін оларға неше түрлі материалдар - бұтақтар, сабан, шөп, мамық және қауырсын қажет. (Құстар қалай өсіп - өнеді)
ІІ топ Құстардың арасында жыртқыштары да бар. Олар қыран, бүркіт, кезқұйрық, жапалақ, үкі. Кейбір құстар ұясын Шалғынға салады. Бұлбұл ұясын биік бұата басына салады. (Құстардың алуан түрлілігі)
ІІІ топ Мидай жазық, кең дала, желі жоқ. Күн шуақ. Аспанда ақ сабынның көбігіндей ақ бұлттар. Анда санда шық - шық еткенторғайдың дауысынан басқа жаңғырыққан ешбір тықыр үні естілмейді. (Құштарлық)

Қоянның тапсырмасы
І топ шағын эссе жазу
ІІ топ Өлең шығару
ІІІ топ Ертегі құрастыру
Түлкінің тапсырмасы
Ермексазды пайдаланып құстарды мүсіндеу.
Оқушылар сендер барлық тапсырмаға жауап беріп бауырсақты құтқардыңыздар. Ал сіздерге бауырсақтың ата - анасы риза болып сіздерге бауырсақ беріп жіберіпті. Сі здерге сабақ аяқталғасын таратылады.
Сабақты қорыту
Қандай құстарды білесіңдер?
Құстардың қандай пайдасы бар?
Мүсін түрлерін атаңдар.
Бағалау
Категория: Сурет және сызу | Добавил: Zhantik
Просмотров: 2217 | Загрузок: 41 | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: