Воскресенье, 05.05.2024, 02:39
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Авторлар » А

Абдуллин Хамза Жармұхамедұлы
05.07.2013, 12:35

Абдуллин Хамза Жармұхамедұлы (10.2.1919, Солт. Қазақстан обл. Булаев ауд. Калинина.2001) ақын. Петропавл агротехникумын (1932), Омбы қ-ндағы ауыл шаруашылық жұмысшылар ф-тін (1936) бітірген. Солт. Қазақстан обл.халық ағарту бөлімінде қызмет атқарған (1936 - 37). Алматыда Қазақстан коммунистік журналистік ин-да оқыған (1937- 1940 ж.). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысып, тұтқынға түскен. Түтқындар лагерінен М.Шоцайдың бастамасымен қүрылған "Түркістан легионы” құрамына алынып, М.Айтбаев сынды ақындармен бірге болған. Соғыс аяқталған соң, елге оралып, әміршіл-әкімшіл жүйенің саяси қуғын-сүргінін басынан кешті Кейін "Социалистік Қазақстан” (қазіргі "Егемен Қазақстан”) газетінде, "Жаңа фильм” журналында қызмет істеген. А-нің алғашқы өлеңдері, очерктері, әңгімелері мен фельетондары 1936 жылдан бастап баспасөз бетінде жарық көре бастады. 1940 ж. Бүкілқазақстандық әдеби конкурсқа қатысып, "Шойын жолда” атты дастаны бірінші бәйгеге ие болды.А.аудармамен де шүғылданған. Оның аудармасының ішіндегі шоқтығы биігі - грузин ақыны Шота Руставелидің "Жолбарыс тонды жаһангез” дастанының қазақ тіліндегі аудармасы. А. бұдан басқа орыс, татар, башқүрт, қырғыз, өзбек, неміс ақындарының да жекелеген өлеңдерін қазақ тіліне аударды.Ғұмырының соңында  "Түркістан легионы" құрамында болған қазақ азаматтары туралы құнды естеліктер жазып қалдырады. Медальдармен марапатталған.
Категория: А | Добавил: Zhantik
Просмотров: 902 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: