Понедельник, 29.04.2024, 00:01
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Білім » Ертегілер

Ақыл, ғылым, бақыт
03.08.2013, 15:16
Ақыл, Ғылым, Бақыт - үшеуі бір-бірінен артықшылығын салыстырып таласып сарапқа түсіпті. Сарапшылар оларға былай депті: Бірінші Бақытқа: сен, тұрақсыз, опасызсың, орныңды таңдамай қонасың, қонғаныңды ісінтесің, тасытасың, ақырында бір күні лақтырып тастап кетесің. Ақылмен тізе қос, сонда көп жасайсың, - депті. Екінші Ғылымға: дүниеде сенен күшті нәрсе жоқ, қара тасты қайнатасың, дүние жүзін жайнатасың, сақауды сайратасың, жоқты бар, бардан жоқ жасайсың, бар ғаламды өзіңе бағындырғың келеді, бағынбағанды ​​демде әлек қыласың. Түзеу де, бұзу да сенен шығады. Ақылмен бірік, сонда абыроймен ұзақ жасайсың, - депті. Үшінші Ақылға: дүниеде адамзатқа сенен артық дос жоқ, бірақ Ашу үстіңе кіріп келгенде, орныңды беріп шығасың да кетесің. Ашу бүлдіріп-бүлдіріп кеткен соң, кіресің де ашудың бүлдіргенін оңдайсың. Әуелден орныңнан тұрмай отырсаң, Ашу сенің үстіңе кірмеген болар еді.
  - Барыңдар, Ақыл, сен адам бол, Ғылым, сен ат бол, Бақыт сен қамшы бол. Үшеуің біріксең ешбір мұң-мұқтаждарың болмайды, - депті.
Категория: Ертегілер | Добавил: Zhantik
Просмотров: 1233 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: