Главная » Файлы » Өлеңдер » Абай Құнанбай |
Білімдіден шыққан сөз
04.07.2013, 19:23 | |
Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкiрегінде болсын көз. Жүрегі — айна, көңiлі — оят, Сөз тыңдамас ол баяу. Өз өнері тұр таяу, Ұқпасын ба сөзді тез? Әблет басқан елерме Сөзге жуық келер ме? Түзу сөзге сенер ме Түзелмесін білген ез? "Айтшы-айтшылап” жалынар, Ұққыш жансып шабынар. Ұқпай жатып жалығар Ұйқылы-ояу бойкүйез. Жас баладай жеңсікқой, Байлаулы емес ақыл ой, Ойлағаны — айт пен той, Ыржаң-қылжаң ит мінез„ Сұлу қыз бен я батыр Болмаған соң, тәңрі алғыр, Шығып кетер, я қалғыр, Оған ақыл — арам без. Жақсыға айтсаң, жаны еріп, Ұғар көңіл шын беріп, Дертiң ішіне ем көріп, Неге алтынды десін жез. "Ой, тәңір-айшыл” кер есек, Қулық, сұмдық не өсек Болмаған соң, бір есеп — Мейілі қамқа, мейілі бөз.
| |
Просмотров: 1328 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |