Главная » Файлы » Өлеңдер » Абай Құнанбай |
Есіңде бар ма жас күнің
05.07.2013, 11:13 | |
Есіңде бар ма жас күнің, Кімді көрсең — бәрі дос. Махаббат, қызық, мал мен бақ, Көрінуші еді досқа ортақ. Үміт жақын, көңіл ақ, Болар ма сондай қызық шақ? Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат, қызық мол жылдар?! Ақырын, ақырын шегініп, Алыстап кетті-ау құрғырлар. Жалынасың, боқтайсың, Сағынасың, жоқтайсың Махаббат кетті, дос кетті,— Жете алмайсың, тоқтайсың. Көзіме жас бер, жылайын, Шыдам бер, сабыр қылайын Жаралы болған жүрекке Дауа бер, жамап сынайын. | |
Просмотров: 1210 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |