Главная » Файлы » Өлеңдер » Абай Құнанбай |
Сағаттың шықылдағы емес ермек
02.08.2013, 16:19 | |
Сағаттың шықылдағы емес ермек, Ћәмиша өмір өтпек - ол білдірмек. Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас, Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек. Сағаттың өзі - ұры шықылдаған, Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған. Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті, Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман. Өткен өмір белгісі - осы сыбдыр, Көңілді күнде сындыр, әлде тындыр. Ақыл анық байқаған қылығыңды, Қу шыққансып қарасып босқа бұлдыр. Күн жайылып ай болды, он екі ай - жыл, Жыл жайылып, қартайтып қылғаны - бұл. Сүйенген, сенген дәурен жалған болса, Жалғаны жоқ бір тәңірім, кеңшілік қыл.
| |
Просмотров: 1479 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |