Понедельник, 16.06.2025, 20:06
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Өлеңдер » Абай Құнанбай

Әуелде бір суық мұз— ақыл зерек
04.07.2013, 19:10
Әуелде бір суық мұз— ақыл зерек,

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.

Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық, —

Бұл қайраттан шығады, білсең керек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 

Сонда толық боласың елден бөлек. 

Жеке-жеке біреуі жарытпайды, 

Жол да жоқ жарыместі "жақсы” демек.

Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,

Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек. 

Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,

Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек
Категория: Абай Құнанбай | Добавил: Zhantik | Теги: Әуелде бір суық мұз— ақыл зерек, өлеңдер, Абай Құнанбай
Просмотров: 1991 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: