Вторник, 17.06.2025, 06:31
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Өлеңдер » Өтірік өлеңдер

Өтірік өлең
09.07.2013, 11:45
Тау басына күріш ектім
Суды айдан тасып септім,
Жинап алып егінімді
Тасбақамен үйге жеттім.

Мініп алып көбелекке
Жеттім айға ебелектеп,
Балық аулап теңізінен
Тауларынан тердім жидек.

Айға бару көпке арман,
Ал, мен болсам күнде барғам,
Оқуымды бітірген соң
Баруды айға менде қойғам.

Тауларында архар, киік
Шүйгін шөбін жейді сүйіп
Айдын - шалқар көлдерінде
Аққу, қаздар жүред жүзіп.

Таңғажайып табиғаты
Өзгермейді - ау қысы, жазы
Үй - жәй салып алғым келед
Қоныстанып қалғым келед.

Қалған болсам қоныс тауып
Қыдырамын Марсқа анық,
Сүйінші айтып келер едім
Құмырсқаға мініп, шауып.

Балалар!
Қиял ұшқыр ойдан туад
Тіршілікте бойға қуат,
Ой мен қиял болмаса егер
Өнер - ғылым қайдан шығад?
Қиял мен ой егіз екен
Көп ғылымға негіз екен.
Категория: Өтірік өлеңдер | Добавил: Zhantik | Теги: өлеңдер, өтірік өлеңдер
Просмотров: 1417 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: