Вторник, 17.06.2025, 16:12
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Өлеңдер » Өтірік өлеңдер

Өтірік өлең
09.07.2013, 11:47
Шындық айтам, айталмаймын өтірікті,
Бір қызды шыбын теуіп өлтіріпті.
Қасқа қозы бір сайда ұстап алып,
Қылқындырып тұр екен бөлтірікті.

Шанаменен ауданда жол аршыдым,
Бұдан басқа сіздерге болмас шыным.
Касемсотты артыма тіркеп алып,
Жеңілдігін ойыншықтай сонда білдім.

Сөйтіп жүріп шанаменен айға бардым,
Қайық қылып айды да пайдаландым.
Теңіздері бұлақтай болады екен,
Қалқып жүріп бетінен қаймақ алдым.
Категория: Өтірік өлеңдер | Добавил: Zhantik | Теги: өлеңдер, өтірік өлеңдер
Просмотров: 790 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: