Главная » Файлы » Өлеңдер » Өтірік өлеңдер |
Жер шарына - Марстан
09.07.2013, 11:53 | |
Ассалау! Келдім алыстан, Жер шарына - Марстан. Мәссағанның жөндедім, Жылдамдығын ғарыштан. Көрдім онда аң ұшқан, Құстарменен жарысқан. Сонда көріпкел барыспен, Сөйлестім жаңа танысқан. Сұхбат алдым барыстан, Өтірік болып арыстан. Қазақ елі туралы, Деді, барыс данышпан: - "Қазақ» деген елсіңдер, «Алаш» деген жерсіңдер. Бір ғажап мені таң қылған, Әлемнен де кеңсіңдер. Миллиардқа теңсіңдер, Демеймін бірден кемсіңдер. Қай жерде, елде жүрсең де, Сендерсіңдер пенде менсінбер! Әлемде бай халықсың, Дүниедегі алыпсың. Европаға сыймастан, Америкағада барыпсың! Бақ басыңнан кетпепті, Маған бағыт беттепті. Биылғы жылғы санақта Есебіңе сан жетпепті. Мұнайдың бәрін жауыпсың, Тазалыққа ауыпсың. Ұшақ, көлік - ауамен Жүретін қылып тауыпсың! Ислам дінін биік қып, Иманын елдер жиыпты. Әлемдегі Алланың, Құлы екенсіңдер сүйікті. Сендерге қарап, бүкіл ұлт, Сәждеге басын иіпті ... Мал сыңсыған, далада! Сұлу, таза қала да. Сіздің елде бар ұлтқа, Ашылыпты Астана жаңадан! Қазақсыңдар, текті ізгі, Ұмытпаңдар тек бізді » Деп, барыс би оз ойын, Қысқа ғана жеткізді ...
| |
Просмотров: 973 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |