Понедельник, 29.04.2024, 08:15
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Рефераттар » Әдебиет

Cаттар Ерубаев
04.08.2013, 20:25
Cаттар Ерубаев: Өмірі мен қызметінің кей белестері.

1914 год. қазан-Түркістан қаласы маңындағы "Шошқакөл"
деген жерде (Түркістан ауданының 21 - ауылында) дүниеге келді.
-Түркістан қаласында Абай атындағы үш класты бастауыш қазақ мектебінде оқыды.Түркістанның "Алшын мәлләсі" (маһалла) деген бөлігінде ағасы Есімнің қолында тұрды. (Елубайдан-Асқар, Асқардың үлкен әйелі Пәтеннен-Есім, кіші әйелі Бападан-Саттар).
1925-Ленин атындағы орыс мектебінің 3 класында оқиды.
1927, қаңтар, 17-Коммунистік жастар одағына өтеді.
1928-Түркістан темір жол оқуына (ФЗО) түседі.
1929-Шымкент кәсіптік-байланыс (проф-связь) оқуын оқиды.
-Ағарту халық коммисариятының (Казнаркомпрос) дайындық курсына қабылданады.
1930-Ленинградқа оқуға кетеді. Баспасөзде жария болған мәліметтерде-Ленинградтың тарих-философия лингвистика институтына 1930 жылы түсті, кейін бұл институт Ленинград университетінің филология факултетіне қосылып кетті делінеді.
1931-осы жылы "Жаршы" журналының 1-санында-зерттеушілер баспасөз бетінде жарияланған тұңғыш шығармасы деп ұйғарған-"П.П." атты шағын сатиралық әңгімесі басылды.
1935, мамыр-Алматыға оралды.
-Мәдениет қызметкерлерінің I-сьезіне қатысады.
-Ленинград университетінің аспирантурасына түседі.
Қазақстанның-XV жылдығы құрметіне шыққан әдеби жинаққа аудармалары енді, суреті басылды.
1936, қыркүйек-денсаулығының нашарлауына байланысты Ленинградтан аспирантураны аяқтамай оралып, Қазақ педагогика институтына орналасады, қазақ әдебиеті кафедрасына доценті болады, әдебиет тарихы мен теориясынан дәріс оқиды.
- "Әдебиет христоматиясын" (М. Жанғалимен бірге) әзірлеп, баспаға өткізеді.
1937, ақпан, 22-ҚазПИ дирекциясы оны "Каменского плато" курортына емделуге жібереді
маусым, 2-Алматы туберкулез диспансерінде қайтыс болды.
5.6.1937ж. "Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті" газеттерінде некрологтар берілді.Қаланың батысындағы зиратқа жерленді. Бұл күнде ол қабірстан тегістеліп, үстіне үйлер салынып кеткен.
1939 - "Менің құрдастарым" романы жіне "Келесі соғыс туралы" новелласы жеке кітап болып шықты.
1952 - "Менің құрдастарымнің" екінші басылымы жарық көрді.
1957-Шығармалары Т. Кәкішевтің құрастыруымен,
алғы сөзімен шығарылады.
1961-Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының
тұңғыш лауреаты.
1968-Николай Островский атындағы сыйлық беріліп, есімі Бүкілодақтық мемориалдық тақтаға жазылды.
1974-Түркістан қаласында туғанына 60 жыл толуы
атап өтілді
1979-шығармалары толықтырылып, (құрастырған, алғы сөзін жазған Т. Кәкішев) "Жалын" баспасынан жарық көрді
Категория: Әдебиет | Добавил: Zhantik
Просмотров: 975 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: