Суббота, 18.05.2024, 09:31
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Тақпақтар » Қазақ тілі туралы

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ РУХЫНА
12.07.2013, 12:47
Қасиет атаулының барлығы да
Халықтың кірігеді нарлығына ...
Өзіңді ұйпаса да өрттей тағдыр,
Артыңда тот шалмайтын қалды мұра.
Ана тіл ғылымының Абайысың,
Туғандай ұрпақтардың талайы үшін.
Сақтаған жүрегінің күмбезінде
Туған ел сені өлімге қалай қисын!
 
Ғұлама, халық жанды ғазиз бабам!
Халқыңнан бір сәтің жоқ ажыраған.
Келесің өлмей жасап, шырақшы боп,
Ана тілі - асыл жиған қазынаға.
 
Алуан алыс-жақын көршіміз де
Сыйлаған, қызыққан да өршіл ізге:
Сен - Адам-Академия! Сахарада
Тарихтың бұйырғаны еншімізге!
 
Аққудай қайта қондың Ақкөліңе,
Қазақтың қайта отырсың қақ төрінде!
Бірінші кластықтар жазып жатыр:
"Әділдік", "Ақиқат" деп дәптеріне!
                                                         М.Әлімбаев
Категория: Қазақ тілі туралы | Добавил: Zhantik | Теги: Қазақ тілі туралы тақпақтар, балаларға тақпақтар, ана тілі туралы тақпақтар
Просмотров: 1930 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: