Суббота, 18.05.2024, 14:19
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Тақпақтар » Қазақ тілі туралы

АРДАҚТА, АНА ТІЛІҢДІ! (Ахмет Байтұрсынұлы монологы)
12.07.2013, 12:50
Балғын ұрпақ, жолыңа нұр тіледім,
Аулақ болғай сендерден мұң сілемі.
Ана тілін қорсынар кейбіріңнен
Жәбірленіп, жаныммен түршігемін.
 
Көшкен елмен өмірдің күн шуағын,
Кейде ауыр ойлардан тұншығамын.
Ана тілім - қасиетім жырымдағы,
Тілім бітсе, халқымның құрығаны.
 
Сәлем саған, жас буын жалғастарым,
Болашақта сендермен жалғасамын.
Тек жалғасам қазақтың тілі арқылы,
Ана тілін ауадай ардақтағын!
 
Сақтар болсаң халқыңды - тілді сақта,
Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа!
Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел,
Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса!
                                                                  Ә.Сәрсенбаев
Категория: Қазақ тілі туралы | Добавил: Zhantik | Теги: Қазақ тілі туралы тақпақтар, балаларға тақпақтар, ана тілі туралы тақпақтар
Просмотров: 3028 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: