Суббота, 04.05.2024, 16:31
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Тақпақтар » Қазақ тілі туралы

Қуатым - ана тілім
12.07.2013, 17:16
Қуатым - ана тілім
Қазағым, қайда жүрсең біл тіліңді,
Айтады ана тілсіз кім түбіңді?
Қайсыбір қандастарым шүлдірлесе,
Жүрегім біз сұққандай мың тілінді.
Қуатым - ана тілім ақ сүт берген,
Жан емен, сен бар кезде қаңсып көрген.
Өлеңде топқа түссем, өзіңсің ғой,
Әперген маған орын ашып төрден.
Қалса егер, жалғыз сәтке қалғып тілім,
Дей бергін ауа жетпей, қарлықты үнім.
Сен барда терезем тең, еңсем биік,
Қасында тұрсам-дағы қай мықтының!
Ардағым, ана тілім - жан мерейім,
(Жүзіңнен әрқашан да таң көрейін).
Сен болсаң, көш бастаушым келешекке,
Соңыңнан көзім жазбай, мәңгі ерейін.
Төбемде тұса сенің жанып нұрың,
Демеймін сөз сөйлеуден жалықты ұлың!
Түсінгін ардақ тұтқан ана тілім,
Екенін жан сырымның анық мұның!
Категория: Қазақ тілі туралы | Добавил: Zhantik | Теги: Қазақ тілі туралы тақпақтар, балаларға тақпақтар, ана тілі туралы тақпақтар
Просмотров: 2684 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: