Суббота, 04.05.2024, 10:27
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Тақпақтар » Жаңа жыл

Аяз ата келіп тұр
04.08.2013, 14:57

Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр.
Сәлеміңді қайтейін 
конфет жегім келіп тұр.

Аяз ата қандайсын,
Сексендегі шалдайсың.
Өтірік сақал қойып ап, 
Бізді неге алдайсың???)))))))

Категория: Жаңа жыл | Добавил: Zhantik
Просмотров: 3417 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.4/5
Всего комментариев: 1
Комментарий #1
Написал: Жанбай Шүйіншәліұлы Өзденбаев   |   30.12.2014


e-Mail: jorajorin@mail.ru
IP: 89.218.255.194
ЖАҢА ЖЫЛ ШАМЫ

Жаңа Жылдың түнінде
Шамын жақ та үміттің-
Жаман ойды түңілген
Жағып жібер, ұмыт қыл.

Ұмыт өкпе, мұңыңды,
Ымырт аяз ызғарын.
Сөкпе өткен күніңді,
Тарту еткен тұз, дәмін.

Күндеріңді ғайыптың
Бесігіне бөленген
Күміс әнге шайып бір
Есіңе ал өлеңмен.

Жаңа Жылдың түнінде
Джаздан болсын жыр – әнің.
Жақсылыққа тігілген
Маздай берсін шырағың.

ЖАҢА ЖЫЛ КЕШІНДЕ

Бақ бере жаңа жыл маңдайыма?
Тілегім ақ кіршіксіз қардай мына.
Өткен жылдың күйініш- сүйінішті
Ырзық дәмі келгендей таңдайыма.

Аяз ата келе ме қызыл шырай,
Сағынғанға кәмпит ап, қалын сұрай.
Мақта қыздар майысса белін бұрай,
Қырау жігіт қызықтар қырын қарай.

Асыла ма мейман ас ыстық пеште,
Айтыла ма ертегі қысқы кеште.
Көңіл тозбас замандас, көйлек тозар
Көне жылым қалсын де мәңгі есте.

ЖАҢА ЖЫЛ, ШЫРША

Жаңа жылда, шыршада
Шалқытыппыз біршама-
Байпақ қайда, бас қайда?
Су жетпей тұр мұршаға.

Шампан аштық баршаға,
Шашу шаштық қаршаға.
Есіркеуге ескіні
От тамыздық аршаға.

Ақ шаһарға жол салдық,
Тойладық да томсардық.
"Жарылқа" деп "келген жыл"
Жаңа таңды қарсы алдық.

Тағы да бір ғасырды
Уақыт қырдан асырды.
Тылсым айғақ сан сырды
Болашақтан жасырды.

Өткен жылдар қаншама
Тепкі, тезге салса да
Өмір деген шіркіннен
Шалдықпа достым, шаршама.
   
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: