Главная » Файлы » Тақпақтар » Жыл мезгілдері туралы |
КҮМІС КҮН ТӨКТІ НҰР
11.07.2013, 21:00 | |
Көктем келіп көгілдір, Жасыл көрпе төседі. Күміс күн де төгіп нұр, Көлеңкелер кешеді. Шомылдырды даланы, Құйып өткен нөсері, Жаудыраған жанары Шық та күбірлеседі. Шың басында кіл ақ қар, Жіпсіп жатыр күн ысып. Таудан құлап бұлақтар Жөңкіледі күлісіп. Табиғат та - жыр бағы Тынбайтұғын құс үні. Байшешектер қырдағы - Қыздардың көп мүсіні.
| |
Просмотров: 709 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |