Суббота, 18.05.2024, 12:39
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Тақпақтар » Жыл мезгілдері туралы

ҚЫСТА
11.07.2013, 20:43
Тағы да қыс түсті де,
Тон жамылды қырқалар.
Қайың, терек үстіне
Қона қалды ұлпа қар.

Адырға бар, жарға бар,
Алыпты қар бүркеніп.
Қарға, қарға, қарғалар
Қар үстінде жүр тоңып.

Көрінбейді бетеге,
Көрінбейді ай, тегі.
Үйге кіріп кете ме,
Мына боран қайтеді?

Ауланы тез күрейік,
Аққаланы үйейік.
Есігінен қораның
Кіре алмасын бораның.
Категория: Жыл мезгілдері туралы | Добавил: Zhantik | Теги: қыста, қас туралы тақпақтар, қыс, қысқы, қыс мезгілі, қыс тақпақ
Просмотров: 774 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: