Главная » Файлы » Тақпақтар » Жыл мезгілдері туралы |
ЖАЗҒЫ ТАҢ
11.07.2013, 20:57 | |
Жып жылы түн маужырап Көтерілген жерден бу Саф күмістей жарқырап Тыныш жатқан тұнық су Ақырын ескен жылы жел Маужыратып, тербетіп - Таң атсын деп жайнап гүл- Өсіп балам ер жетіп Таң атқанда жалбарып Тәңіріге құлдық қылғаны Ісіне оның таңданып Көңілі хаққа сынғаны Көкке тиген биік тау Құшақтасқан тұманмен Қосылысып есен-сау Бал алысқан құмармен Шырылдап торғай аспанда Бытпылдығы ән қосып Шала-шансар жатқанда Табиғатқа жан қосып Міне, алтын таң атты Күншығыстан ағарып Көтеріп зұлмат қанатты Жер де кетті жаңарып Таң, Күн деген жер жаны Екеуінсіз жоқ сәні Оқу-білім - ер жаны Жараспас ерге құр жаны.
| |
Просмотров: 896 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |