Суббота, 18.05.2024, 15:33
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Тақпақтар » Жыл мезгілдері туралы

ЖАЗДА
11.07.2013, 20:46
«Көлім, көлім көлім» деп,
Қаз да келді маймаңдап.
«Шомыл, шомыл, шомыл» деп,
Жаз да келді жайраңдап.

Көлеңкеге тығылып,
Қалжырайды күшігім.
Күн көзіне бұйығып,
Маужырайды мысығым.

Өзен - көлдің жағасы
Гүлден ою ойғандай.
Тырналарға қарашы:
Жіпке тізіп қойғандай.

Алг жүріңдер, балалар,
Қырға шығып көрейік.
Қызғалдақты терейік,
Құшақтап ап келейік.
Категория: Жыл мезгілдері туралы | Добавил: Zhantik | Теги: жаз, өлең жаз, жаз мезілі, тақпақ жаз туралы, жаз туралы тақпақтар
Просмотров: 836 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: