Главная » Файлы » Тақпақтар » Жыл мезгілдері туралы |
ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІНІҢ ТАРТУЫ
11.07.2013, 21:01 | |
- Ағылды сайға қар суы, Көктемнің қандай тартуы? - Күн көзі жерге қуатты Төгеді нұрлы шуақты. Жер жыртып, тұқым себеміз, Жайнайды гүлмен көбеміз. - Тараған көпке арайы - Несімен қызық жаз айы? - Су жылып, құм да қызады, Ыстықтың жақсы ұзағы. Шомылып көлге, гүл теріп ... Қызық көп көрсең үлгеріп. - Сыйлайды бізге қаласа, Күз күні қандай тамаша! - Дархан-ай дейді күзіңді, Алмұрт, алма, жүзімді, Басқа да жеміс жейсің ғой, Бәрі де балдай дейсің ғой. - Қызығын қандай құшақтап, Келеді бізге қыс аппақ? - Жүресің қарға омбылап, Тұрсаң да тайып, он құлап. Алма бет бала атанып, Қайтасың үйге шаттанып.
| |
Просмотров: 1022 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |