Суббота, 04.05.2024, 06:35
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Мәдениет » Қассиетті қара шаңырақ

Киіз үй
29.06.2013, 15:48

Киіз үй - «Атамыз - Алаш, керегеміз - ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпын» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй-тек казақ халкының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ-мекені. Солай бола тұрса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан ғасырға оның мән-маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз.
Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық касиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, кұтты мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мактанышы деп бағаланды. Әрине, киіз үйді әркім біледі, бағалайды. Шынында да, арғы-бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ, киіз үйіміздің атқарған кызметі мен рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Оған қарап отырсақ, бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыздың ақыл-ойы, тұрмыс мәдениеті, талғамы еш халықтан кем емес екен. Ғұламалар айтып кеткендей, осы киіз үйден қазақ халкының аспан элеміне, есептеу жүиесіне, экономикалык біліктігі, мәдениет пен өнердегі талғамы - жалпы өмір тәжірибесіндегі іске бейімділігі аңгарылады. Ал XII - XIII ғасырлардағы мемлекеттердің Алтын орда, Ақ орда, Көк орда деп аталуының өзі осы киіз үйге байланысты екенін Ш.Уәлиханов айткан.



Тағы бір ерекше айта кетерлік жай: біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз, ши, ішінара күмістен құрастырылады, әрі көшпелі (жылжымалы) кұрылыс түріне жатады. Дала тұрғындарының тапкырлық шешімін осы тұрғыдан қарап бағалаған әлем ғылымы, мәдениеті мен өнерінің білімпаз сарапшылары дүниежүзілік, халықаралық этнографиялық көрмелерде қазақтың осы өнеріне әркашан жоғары баға беріп отырған. Мысалы,
1861 жылы Алмас деген кісі Париждегі Дүниежүзілік этнографиялык көрмеге киіз үй апарып, еуропалыктарды таң калдырып, бәйге алған. 1876 жылы Мейрам қажы Жанайдарұлы Петербургке, 1890 жылы Ибраим Әділов Қазандағы көрмеге киіз үй апарып, қазақ мәдениетін Еуропаға паш еткен. 1827 жылы Бөкей ордасының ханы Жәңгір Ресей патшасы I Николайға киіз үй сыйлап, патша ағзам оған өте риза болған (Ә.Марғұлан). Жазушы Шыңғыс Айтматов Батыс Еуропадағы белгілі мұражайлардың бірінен қазақтың киіз үйін көргендігін жазды. Сондай-ақ Германияның Гамбург, Майндагы Франкфурт қалаларындағы мұражайларда да қазақ киіз үйлері бар.

Көкшетаудағы Абылайдың ақ ордасы, Шыңғыс төренің 24 қанат ордасы, Жетісудағы Тезек төренің ордасы, Ырғыздағы Самырат байдың үйі, Ақмоладағы паң Нұрмағамбеттің үйі сиякты елге аңыз болған үйлер көп болған. Киіз үй ішін жабдықтауға қазақ азаматтары байлығын аямаған және сол арқылы қазақ дәулеті мен мәдениетін таныта білген.
Байлығымен елге аңыз болған Кіші жүзден шыккан Байсақал кызын ұзатқанда оған арнайы отау әзірлеткен екен.
Қазақтын осындай байлығы мен сэн-салтанатынын куәсі болған киіз үйлер тәркілеу, соғыс, аштык, колхоздастыру сиякты жауыздық әрекет салдарынан қүрып кетті. Сөйтіп, XX гасырда қазақ мәдениетінің баға жетпес мұрасы - киіз үйдің кұны мен маңызы темендей. Оның орнына кеңестік 
Тәсілмен қалай болса солай жасалған, бір-екі жылдан артық тігуге келмеитін, қарн құрым жабылған сапасыз бірдеңелер көптен шағарылды да, ол киіз үй атты касиетті, құтты орыннын кұнын түсірді,

XX ғасырдын тоқсаныншы жылдары қазақ мемлекетінің жеке шығуы ұлт мәдениеті. Оның ішінде киіз үйдің қадірі мен орны өз дәрежесінде қайта дәріптелуі, оларға лайықты ас пен тойлардың өткізілуі және соған сәикес ұлттық мэдениет рөлінің арғуы киіз үйге деген көзқарасты айқындады. Енді той-думан тігілген киіз үй сән-сәулетімен, өнер шеберлерімен, ұлттык дәулетімен, түрлі спорт жарыстарымен дәрежеленетін болды. Мысалы, тоқсаныншы жылдар басында Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай, Шакшақ Жәнібек батырлардың, Бұхар жыраудың, ұлы Абайдын, Жамбылдың тойында киіз үйлер жүздеп, мыңдап тігіліп, оларға бәйгелер белгіленді. Осы тойларда тігілген киіз үйлердін ішінде халықты таңғалдырған Торғай ордасы жұрттың әлі есінде. Алғаш рет Көкшедегі 1991 жылы Абылай хан асында тігілген бұл орда басында 12 қанат, кейін 18 қанат болып көлемі ұлғайтылды. Ол 1992 жылы қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайында, 1993 жылы Есет батыр, Шакшақ Жәнібек батыр асында, 1995 жылы Абай тойында тігіліп, бірнеше рет жүлделі бәйгелерге ие болды. Бұл орданы дайындап, ұмыт болған істі батылдықпен қолға алған Торғай азаматтары сол кездегі Жанкелдин ауданының әкімі Жақан Қосабаев пен Ахмет Байтұрсынұлының жерлестері - Аңсаған Қоңқабасв және Болғанбай Қойшиндер еді.



Бұл киіз үйді XX ғасырдағы қазақ ордасының басы десе де болады. Орданың биіктігі 8 метр, ішіне жүздеген адам еркін сияды. Киіздері ақ тоқтыныңжүнінен басылған. Іші-сырты тек қана ұлттык бұйымдармен, киімдермен, тұрмандармен жабдықталған. Желбау, басқұр, тұскиіз, ыдыс-аяғы, ең ақыры, төсенішіне дейін қолдан шыққан қазақы дүниелер. Осы үйде болған қазақ зиялылары, мемлекет қайраткерлері Халифа Алтай, Е.Әуелбеков, М.Сагдиев, Ө.Жәнібеков, К.Сағадиев, М.Қозыбаев, М.Жолдасбеков, Ш.Мұртаза, Ә.Кекілбаев, Ф.Оңғарсынова, С.Жүнісов, Ш.Шаяхметов сынды білімді азамат- тар, шетел өкілдері орданың ғажаи шеберлікпен жасалып, тігілгеніне риза болды. Бүл жерде осыған өлшеусіз үлес қосқан Ахмет ауылының қыз-келіншектерінің баға жетпес еңбегін айтпай кетуге болмайды. Бұл орда бір ауылдың емес, бүкіл қазақ елі мәдениетінің, өнерінің үлкен табысы деп бағаланды.
Категория: Қассиетті қара шаңырақ | Добавил: Zhantik
Просмотров: 2119 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: