Вторник, 23.04.2024, 12:27
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Мәдениет

В разделе материалов: 9
Показано материалов: 1-9

Қызған темір адамның майқұйрығына ба-сылады. Бұл - қылмыскердің арұятына басылған өлмес, өшпес таңба. Мұны бәжі басылған дейді. Бұл сирек оқиға болғандықтан, оның аты елден-елғе тарап, әңгімеленеді. Бұдан кейінгі ұрпақтарына да зор таңба. Нағашы-жиендер арасында да айтылып, күлкі болады.
  Арқада Тұрлыбай деген беделді кісі бір әдепсізді тәртіпке шақырса, ол айтқыш шалдың өзіне тиісіпті. Сонда шешен қарт: «Шырағым, мен сені қара ауыз дедім бе? «Нанжарым» (жарымес) дедім бе? Құйрығына бәжі басылған дедім бе? Байдың тоқалы тепкен дедім бе?» - деп, әлгі жөнсіздің барлық масқарасын тізіп, жер қылыпты. Мұны естіген би бұзыққа 20 қамшы дүре бұйырыпты. Жазаны орындау үшін оны жығып салып, шалбарын шешкенде, шынында, оның құйрығына бәжі басылған болып шығыпты.
Салт-дәстүрлері | Просмотров: 689 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 29.06.2013 | Комментарии (0)

Аталған салт - әр азаматтың, елдің, тектіліктің, сөзде тұру және келісімнің, бірліктің, беріктіктің үлкен жолы. Бұл жол құдалықта, серт пен уәдеде, елшідікте, ел арасындағы маңызы үлкен шараларда жасалады. Сонымен бірге баталасу хан, ақсақалдар, билер алдында, аруақ орнында жасалып, қол алысып орындалатын ғұрып жэне ол ұзақ мерзімге, тіпті мәңгілікке  жалғасады. Баталасыпты деген сөз - ел ішінде маңызы өте зор іс. Арғын Аманжолдан Әлімбет, Бәйімбет, Шақшақ (атацты батыр Жәнібек тарханның атасы) туады. Шақшақ қайтыс болғанда (XVII ғасыр) оның жас әйелі Сомалтынты жақын қайнысы Әйдеркеге қосады. Осы  Сомалтынның Шақшақтан туған жас баласы Есназар мен Әйдеркеден туған Жылқайдар екеуі енелес. Екі бала бірге өсіп, ер жеткеннен кейін елдің басты адамдары жиналып: «Сомалтын қасиетті, өнегелі ана болды. Бұдан былай одан туған Есназар мен Жылқайдар балалары бір ананың баласы болғандықтан, қанша ата өтсе де, бір-бірінен қыз алыспасын, өмір бойы туыс болып саналсын»,- деп, қол жайып, аруақ атын айтып, баталасыпты. Міне, сол бата арада 400 жылдай уақыт өтіп, арасы 12 атаға толса да, әлі бұзылған жоқ. Баталасу - қасиетті ұғым. Оны бұзу - қазақ арасында өте жаман іс. «Бата бұзған» деген - қарғыспен тең, өте ауыр сөз.

Қажы бардым, сақалды басым мынау,
Бата бүзган не сұмдық, сен сөйтті деп.
(С. Торайғыров)
Салт-дәстүрлері | Просмотров: 712 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 29.06.2013 | Комментарии (0)

Тойда, ойын-сауықта, қонақ кәде сұрағанда, көбінесе, алыстан келгендер «ауылдың алты ауызы» болмайтын ба еді,» әуелі өздеріңіз бастаңыздар» деп қалатын әдеті бар. Демек, бұл «жол өздеріңізден,өнер,өлең ауылдан басталсын» деген сөз. Сөйтіп өлең ауыл өнерпаздарыңыздан басталады. «Ауылдың алты ауызы» дегеніміз осы. Бұл өлең табан астында суырып салып айтылуы немесе бұрыннан таныс өлең, жыр түрінде орындалуы мүмкін. Мұның ән, әуені де әр түрлі болады.ауылдың алты ауызы өнерлі жастарды топ алдына шығаруға, олардың халыққа танымал болуына игі әсер еткен.
Салт-дәстүрлері | Просмотров: 1585 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 29.06.2013 | Комментарии (0)

Ерте кезден-ақ елдер арасында қақтығыс, жауласу, соғыс болып тұрған. Мұндай шайқастарда, әрине, бірі жеңеді, бірі жеңіледі. Осыдан кейін екі ел бір тоқтамға, бітімге келеді. Бұл жәй бітісу, келісу емес, жеңген жақтың өктемдігі, жеңілген жақтың қол қусырып, тізе бүгуі, ұрыс зардабы, одан келген шығын, шеккен жапа. Осылардың бәрі ескерілігі, есептеледі. Міне, осыдан кейін екі елдің сөз үхтар адамдары шешімге келеді. Осында алық мәселесі қаралады. Алық — шығын мөлшерінің жеңілген жақтан алынатын құны. Алық мал, мүлікпен есептеледі. Жеңілген жақ мүны төлеуге міндетті.
Халықта алым деген де бар. Дәстүр бойынша ол - қыз ұзатарда құдалардан алынатын кәде. Демек, алық пен алым екі түрлі мағынада қолданылады
Салт-дәстүрлері | Просмотров: 585 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 29.06.2013 | Комментарии (0)

Асты "Бісміллә!" деп бастайды қазақ тамақтанып болған соң, оны батамен қайырататын әдетінен әлі күнге дейін жаңылған жоқ. Мұны ас қайыру деп атаймыз. Ас қайыру тілек, батамен айтылады. Оны қара сөзбен де, өлең де, тақпақтап та жеткізуге болады.
Салт-дәстүрлері | Просмотров: 3315 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 29.06.2013 | Комментарии (0)

Киіз үйдің түрлері мен құрылысы




Известны казахские и калмыцкие юрты. Купол казахских юрт имеет полу шаровидную форму, а у калмыцких юрт он несколько заостренный.
Қассиетті қара шаңырақ | Просмотров: 3546 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 29.06.2013 | Комментарии (0)

Киіз үйдің түрлері мен құрылысы



Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп ата- латын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақы үйлер пайдаланылуына, сән-салтанатына карай бірнеше түрлерге бөлінеді.
Қассиетті қара шаңырақ | Просмотров: 3484 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 29.06.2013 | Комментарии (0)



До наших днем ​​казахский народ донес свою древнюю культуру, в том числе сохранил юрту основное жилище тюркских народов.
Қассиетті қара шаңырақ | Просмотров: 2375 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 29.06.2013 | Комментарии (0)



Киіз үй - «Атамыз - Алаш, керегеміз - ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпын» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы.
Қассиетті қара шаңырақ | Просмотров: 2113 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 29.06.2013 | Комментарии (0)