Пятница, 03.05.2024, 18:05
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Мәдениет » Қассиетті қара шаңырақ

Киіз үйдің түрлері мен құрылысы
29.06.2013, 17:44
Киіз үйдің түрлері мен құрылысы
Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп ата- латын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақы үйлер пайдаланылуына, сән-салтанатына карай бірнеше түрлерге бөлінеді. Мысалы, қара үй (үш қанат), қоңыр үй (4 қанат). боз үй (5 қанат),ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үзік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар (Қазақ ССР қысқаша эпциклотдиясы. / том, 182 бет. Алматы, 1984 жыл). Сол сияқты көшіп- қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады. Жаңа үй болған жас шаңырақты «отау» дейді.

Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:

1.Төр. Мұнда жүк жиналады, қонактар орналасады. Бұл - киіз үйдің жоғары әрі сыйлы орны. Жас келіндер бұл жерде отырмайды.

2.Сол жақ (кіргенде оң жақ) - үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-аяқтар тұрады. Оны шимен жауып қояды.

3.Оң жақта (кіргенде сол жақ) балалар орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрмандар, киім-дер ілінеді.

4.От орны қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.

Киіз үй негізгі 3 бөліктен құралады:

1.Үйдің сүйектері (ағаштан тұратын бөліктері).
2.Киіздері (ши де осыған кіреді).
3.Бау-шулары (баулары мен басқұр, арқандары).

Киіз үйдің түрлері мен құрылысы


Киіз үйдің қазақ өмірі мен әлеуметтік жағдайына үйлесімдігі сондай, оны үлкейтіп, кішірейтіп, тіпті бір-біріне қосып, екі-үш бөлмелі етіп тігуге де болады. Туырлықтан жазда ыстық, қыс- та суық,' жауында су өтпейді. Кейде қыстан киіз үймен шығатын қазақтар туырлықты екі кабат етіп жабады. Үй іргесін шөппен бітеп, айналасын қамыспен шалылап, қоралайды. Көбінесе қопалы, қамысты жерді паналайтындықтан, жел де көп болмайды. Міне, осындай үйде ел даңқын асырып, намысты қолдан бермеген данышпандарымыз бен батырларымыз туып, өскендігін мақтанышпен

Киіз үйдің түрлері мен құрылысы


айтуға болады. Әрісі Керей, Әз Жәнібек, Тэуке хан, хан Абылай, Кенесары, ұлы Абай, ғұламалар Ахмет Байтұрсынов, Қаныш Сәтпаев, Мұхтар Әуезовтердің кіндігі осы киіз үй ішінде кесілген. Әрқашан қоныс аударғанда таза жерге тігілген үйдін саф ауасы аспан, жер, сумен астасып, касиетті Қара шаңырақтың киесі, мүмкін, осындай ұлылардың көкірегіне нұрлы сәулесін кұйған болар.
Қазақ Өмірі мен мәдениетінің, әлеуметтік жайының бір түйіні киіз үй мен төрт түлікке байланысып жатады. Сәлемі, киімі, ыдысы, салт-дәстурі де осыған келіп саяды. Сондықтан да олар бұған лайық қанатты сөздер, ырымдар, әдеттер, тыйымдар, аңыздар да шығарған.
Категория: Қассиетті қара шаңырақ | Добавил: Zhantik
Просмотров: 3489 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: