Пятница, 17.05.2024, 07:57
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Адамдар » Батырлар - ел қорғаны

Едіге
09.05.2013, 18:16


  Едіге - Ақ Орданың әмірі. 1352 жылы Қаратау өңіріндегі Құмкентте Ақ Орда әскерлерінің бас қол-басшысы Балтышақтың отбасында дүниеге келген. Бұл дәуір өзара қырқыстың өршіп, Ақ Орданың Алтын Ордадан іс жүзінде бөлініп, өз алдына жеке мемлекет болған кезі еді. Ақ Орданың, одан кейін бүкіл Алтын Орданың билігі Тоқтамыстың қолына өткен кезде Едіге немере туысы Темір Құтлығ екеуі Әмір Темірге барып қосылды. 1391 жылы Тоқтамыс жеңілгеннен кейін Едіге Еділ мен Жайық ара-сындағы жерлерді жеке билей бастады. Ол кейінірек Алтын Орданы да өзіне қаратты. Алтын Орданың ханы деген атаққа Темір Құтлығ ие болғанымен, оның шын мәніндегі билеушісі Едіге болды. Едіге Ноғай ордасының да негізін қалады. Оның баласы Нүраддиннің тұсында Ноғай ордасы түпкілікті қалыптасты. Едіге Темір Құтлығпен бірге Тоқтамысқа қарсы күресті. 1397 жылы ол Алтын Орда әскерінің қолбасшысы болды. 1399 жылы Едіге Ворскле өзенінің бойында Литва князі Витовттың және Литваға қашып кеткен Тоқтамыстың әскерін талқандады. Темір Құтлығ өлген соң Едіге Алтын Орда тағына Шәдібекті отырғызды. Оның тұсында бұрынғы Алтын Орда иелігі ақырғы рет түгел біріктірілді. 1409 жылы Едіге Батыс Сібірді паналап жүрген Тоңтамысты өлтірді. Дәл осы жылы Хорезмді басып алды. 1407 жылы Едіге Бұлғарда өзін хан жариялаған Жәлел әд-Динге қарсы жорық үйымдастырды. 1408 -1409 жылы Руське шабуыл жасады. Ондағы мақсаты - Мәскеу князьдігін Алтын Ордаға қайтадан салық төлеуге мәжбүр ету еді. Бірнеше қалаларды (Серпухов, Дмитров,Ростов, Переяславль, Нижний Новгород, тағы басқалар) қиратты. Мәскеуді қоршады, бірақ оны алған жоқ, Мәскеу князін салық төлеуге мәжбүр етіп, тез елге қайтты.1419 жылы Сарайшың қаласының түбінде Едіге Тоқтамыстың баласы Қадырбердінің қолынан қаза тапты.

Категория: Батырлар - ел қорғаны | Добавил: Zhantik
Просмотров: 768 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: