Пятница, 19.04.2024, 06:14
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Адамдар

В разделе материалов: 14
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 »



Жәнібек хан, әз-Жәнібек - Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, екінші қазақ ханы. Орыс ханның шөбересі, Барақ ханның ұлы (Орыс хан - Құйыршық хан - Барақ хан - Жәнібек хан). Туған жылы мен қайтыс болған жылы белгісіз. XV ғасырда, үшінші атадан қосылатын ағасы Керей ханмен түспа-түс өмір сүрген. Керей хан қайтыс болғаннан кейін Жәнібек хан Қазақ ордасында 1472-1475 жылдар шамасында билік құрған.
Ұлы хандар | Просмотров: 833 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 09.05.2013 | Комментарии (0)




 Керей, Керей хан -Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы. Ақ Орда ханы Орыстың (Өріс) ұрпағы (Орыс хан - Тоқтақия - Болат - Керей). Туған жылы белгісіз, шамамен 1470 жылы қайтыс болған. Керей хан туралы мәліметтер "Тауарих-и гу-зидайи Нусратнаме” және "Тарих-и Рашиди” атты еңбектерде кездеседі.
Ұлы хандар | Просмотров: 1116 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 09.05.2013 | Комментарии (0)




Жүніс хан (1416/17 жылдар шамасында туып, 1487 жылы қайтыс болған) -Моғолстан ханы (1469 -1487 жылдары билеген). 20 жылдай Иранда тұрып , білім алған. 1469 жылдың қарсаңында Жүніс хан Ташкент пен Ферғанадан Ақсу мен Қашқарияға дейінгі жерді, Моғолстанның батыс бөлігі мен Қашқарияны өз қол астына біріктірген болатын.
Ұлы хандар | Просмотров: 764 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 09.05.2013 | Комментарии (0)




Есенбұға, Исан Бұға -Моғолстан билеушісі (1429 -1462 жылдары билеген), Қазақ хандығының ңұрылуына ықпал еткен қайраткер. Шағатай әулетінен шыққан.
Қоғам қайраткерлері | Просмотров: 1125 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 09.05.2013 | Комментарии (0)


Ақжол би, Дайырқожа (туған жылы белгісіз - шамамен 1459 жылы қаза болған) - Әбілхайыр хан кезіндегі атақты би. Дешті Қыпшақтың әйгілі ақындарының бірі Қотанның баласы.

Билер, шешендер | Просмотров: 1242 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 09.05.2013 | Комментарии (0)




Қобыланды батыр, Қарақыпшақ Қобыланды -аты аңызға айналған халық батыры, қолбасшы. Шамамен XV ғасырда өмір сүрген. Қыпшақ тайпасының қарақыпшақ тармағынан шыққан.
Батырлар - ел қорғаны | Просмотров: 2038 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 09.05.2013 | Комментарии (0)




Қодан тайшы, Қотан, Қотанбай - би, ақын, Қазақ хандығының құрылуының куәсі болған тарихи түлға. XIV ғасырдың 70-жылдары туып, XV ғасырдың 60-жыл-дары шамасында қайтыс болған.
Оқымыстылар, ағартушылар | Просмотров: 2237 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 09.05.2013 | Комментарии (0)




Өзтемір жорығы - ойраттардың Әбілхайыр хандығына қарсы Өзтемір тайшы бастаған тонаушылық жорығы. 1457 жылы үйымдастырылды. XV ғасырдың 20-30 жылдары Іле және Ыстықкөлге дейін шапқыншылықтар жасап тұрған ойраттар 50-ші жылдары Сырдария өңіріне жетеді.
Сахара сазгерлері | Просмотров: 986 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 09.05.2013 | Комментарии (0)



Әбілхайыр хандығы, Көшпелі өзбектер мемлекеті - орта ғасырлардағы қыпшақ мемлекеті. Әбілхайыр хандығы 1428 жылдан 1468 жылға дейін өмір сүрді. Дешті Қыпшақтағы (Ақ Ордада) Жошы ұрпақтары арасындағы өзара соғыстарға байланысты Шайбани әулетінің саяси басымдыққа қол жеткізуі нәтижесінде құрылған
Сахара сазгерлері | Просмотров: 3363 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 09.05.2013 | Комментарии (0)




Витовт, Витаутас - Литваның ұлы князі (1392 - 1430). Литваның тәуелсіздігі үшін Польшаға қарсы күрескен. Мәскеу князьдерінің бірігу саясатына кедергі жасады. Витовт тұсында Литва иелігі Оканың жоғарғы ағысы мен Можайскіге дейін жетті.
Ұлы хандар | Просмотров: 583 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 09.05.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-14