Четверг, 02.05.2024, 10:53
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Адамдар » Қоғам қайраткерлері

Есенбұға
09.05.2013, 20:04


  Есенбұға, Исан Бұға -Моғолстан билеушісі (1429 -1462 жылдары билеген), Қазақ хандығының ңұрылуына ықпал еткен қайраткер. Шағатай әулетінен шыққан. Уәйіс хан қайтыс болған соң, оның екі үлы -Жүніс пен Есенбүға арасында билік үшін күрес болып, соңғысы 1429 жылы жергілікті тайпа көсемдерінің және әмірлердің қолдауымен билік басына келеді. Есенбүға билік еткен алғашқы жылдары Моғолстанда орталық билік әлсіреп, хан беделі төмендейді. Есенбұға дулат тайпасынан шыққан Әмір Сайид Әлидің көмегімен Шығыс Түркістандағы Ақсу қаласына бекінеді. Өз беделін нығайтып алған соң, алғашында Түркістан, Сайрам, Ташкент аймағына (1450 - 51), кейін Әндіжан өңіріне (1453 - 55) шапқыншылық жорықтар жасайды. Әмір Темір әулетінен шыққан Мәуереннахр билеушісі Әбу Сайид мырза Мәуереннахрдың шығыс шекарасын Есенбүғаның жорықтарынан қорғау мақсатында Есенбұғаның ағасы Жүністі оған қарсы пайдаланады. Жүніске Әндіжан өңірінен жер беріп, Есенбұғаның иелігіндегі жерлерге қауіп туғызады. Шамамен 1459 жылы Әбілхайыр ханнан бөлініп, өзіне көшіп келген Керей мен Жәнібек хандарға Есенбұға Шу бойы мен Қозыбасы өңірін беріп, оларды өзіне тосқауыл әрі одақтас етеді. 1458 -60 жылдары Жүніс ханның Есенбүғаға қарсы жасаған жорықтары сәтсіз аяқталады. "Тарих-и Рашиди” дерегі бойынша, Есенбұға 1462 жылы қайтыс болған. Есенбұға қайтыс болған соң, Шығыс Түркістанда оның ұлы Досмүхаммед хандық қүрған (1462 - 69 жылдары). 1469 жылдан бастап Моғолстандағы билік Жүніс ханның қолына көшеді.

Категория: Қоғам қайраткерлері | Добавил: Zhantik
Просмотров: 1130 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: