Четверг, 02.05.2024, 16:50
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Адамдар » Ұлы хандар

В категории материалов: 6
Показано материалов: 1-6

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам


Жәнібек хан, әз-Жәнібек - Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, екінші қазақ ханы. Орыс ханның шөбересі, Барақ ханның ұлы (Орыс хан - Құйыршық хан - Барақ хан - Жәнібек хан). Туған жылы мен қайтыс болған жылы белгісіз. XV ғасырда, үшінші атадан қосылатын ағасы Керей ханмен түспа-түс өмір сүрген. Керей хан қайтыс болғаннан кейін Жәнібек хан Қазақ ордасында 1472-1475 жылдар шамасында билік құрған.
Ұлы хандар | Просмотров: 836 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 09.05.2013 | Комментарии (0)




 Керей, Керей хан -Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы. Ақ Орда ханы Орыстың (Өріс) ұрпағы (Орыс хан - Тоқтақия - Болат - Керей). Туған жылы белгісіз, шамамен 1470 жылы қайтыс болған. Керей хан туралы мәліметтер "Тауарих-и гу-зидайи Нусратнаме” және "Тарих-и Рашиди” атты еңбектерде кездеседі.
Ұлы хандар | Просмотров: 1120 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 09.05.2013 | Комментарии (0)




Жүніс хан (1416/17 жылдар шамасында туып, 1487 жылы қайтыс болған) -Моғолстан ханы (1469 -1487 жылдары билеген). 20 жылдай Иранда тұрып , білім алған. 1469 жылдың қарсаңында Жүніс хан Ташкент пен Ферғанадан Ақсу мен Қашқарияға дейінгі жерді, Моғолстанның батыс бөлігі мен Қашқарияны өз қол астына біріктірген болатын.
Ұлы хандар | Просмотров: 767 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 09.05.2013 | Комментарии (0)




Витовт, Витаутас - Литваның ұлы князі (1392 - 1430). Литваның тәуелсіздігі үшін Польшаға қарсы күрескен. Мәскеу князьдерінің бірігу саясатына кедергі жасады. Витовт тұсында Литва иелігі Оканың жоғарғы ағысы мен Можайскіге дейін жетті.
Ұлы хандар | Просмотров: 587 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 09.05.2013 | Комментарии (0)




Жәлел әд-Дин - Алтын Орда ханы, Тоқтамыс ханның үлкен баласы. Шешесі Тоғай - Қажы бектің қызы. Жәлел әд-Дин Алтын Ордадағы дүрбелең жылдары 3 рет билік басына келді. Ол Едігемен күресінде Литва князі Витовттың қолдауына сүйенді.
Ұлы хандар | Просмотров: 656 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 09.05.2013 | Комментарии (0)



Барақ хан - Алтын Орда ханы, Орыс ханның немересi , Құйыршық ханның ұлы. Шамамен XIV ғасырдың 2- жартысында дүниеге келiп, 1428 жылы қайтыс болған. 1419-1422 жылдары ұлықбектiң көмегiмен Шығыс Дештi Қыпшақта (Ақ Ордада) билүiк басына келедi.1422 жылы Едiлдiң бойында Алтын орда әскерiн жеңiп, таққа отырады .
Ұлы хандар | Просмотров: 768 | Загрузок: 0 | Добавил: Zhantik | Дата: 08.05.2013 | Комментарии (0)