Пятница, 17.05.2024, 07:41
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Адамдар » Ұлы хандар

Жәлел әд - Дин
09.05.2013, 18:27


Жәлел әд-Дин - Алтын Орда ханы, Тоқтамыс ханның үлкен баласы. Шешесі Тоғай - Қажы бектің қызы. Жәлел әд-Дин Алтын Ордадағы дүрбелең жылдары 3 рет билік басына келді. Ол Едігемен күресінде Литва князі Витовттың қолдауына сүйенді. Жәлел әд-Дин 1407 жылы Шәдібекті Алтын Орда тағынан ығыстырып, алғаш рет билікті өз қолына алады. Едіге Хорезмге жасаған жорығынан оралғаннан кейін Жәлел әд-Дин бұлғарларға қашып, өзін онда хан етіп жариялайды. Бірақ Едігенің ықпалымен ол жақтан да қуылып, Жәлел әд-Дин інісі Керімбердімен Ресейге, қалған бауырлары Сығанақ қаласына кетеді. 1408 жылы Едігенің Руське жорығы кезінде Жәлел әд-Дин Витовтты паналап, алғашында Торн қаласына, кейін Гродноға қашады. 1408 жылдың аяғында Витовттың қолдауымен Болат ханға қарсы шығып, екінші рет билік басына келеді. Едіге Русьтен оралғаннан кейін Жәлел әд-Дин қайтадан Литваға қашып барып, 1409 жылы Витовтпен Тевтон орденіне қарсы бірлесіп күрес жүргізу жөнінде келісім жасайды. 1410 жылы Жәлел әд-Дин 40 мың адамдық әскерімен Грюнвальд шайқасына қатысады. Бұл соғыста Витовт бастаған одақтастар әскері тевтондарды жеңеді. Осыдан соң Жәлел әд-Дин Қырымды алып, Болат ханға қарсы күрес жүргізеді. Алтын Орданың жаңа ханы, Болат ханның ұлы Темірден жеңілген Жәлел әд-Дин Литваға ңашады. Біраң Темір хан мен Едіге арасындағы кикілжің нәтижесінде 1411 жылдың соңында Жәлел әд-Дин үшінші рет билікке келеді. Темір өлгеннен кейін өз ықпалын күшейткен Жәлел әд-Дин Бүлғар, Ңажы Тарханды (Астрахан) өз иелігіне қосып алады. 1412 жылдың аяғында інісі Керімбердінің, ал басқа бір деректерде бауырлары Сұлтан Мүхаммед пен Кебектің қолынан қаза табады. Жәлел әд-Диннің Аманбек, Әбд Сайид есімді екі баласы болған.


Категория: Ұлы хандар | Добавил: Zhantik
Просмотров: 657 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: