Четверг, 02.05.2024, 07:24
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Адамдар » Ұлы хандар

Керей хан
09.05.2013, 20:17


  Керей, Керей хан -Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы. Ақ Орда ханы Орыстың (Өріс) ұрпағы (Орыс хан - Тоқтақия - Болат - Керей). Туған жылы белгісіз, шамамен 1470 жылы қайтыс болған. Керей хан туралы мәліметтер "Тауарих-и гу-зидайи Нусратнаме” және "Тарих-и Рашиди” атты еңбектерде кездеседі. Шибан әулетінен шыққан Әбілхайыр ханмен саяси күрес, жауласудан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандар оның билігінен бас тартып, соңына ерген жұртымен көтеріле көшіп, Шу өзенінің бойындағы Қозыбасы дейтін байтақ қоныста дербес Қазақ хандығының туын көтереді. Алдымен жасы үлкен Керей сұлтан 1459 жылы ақ киізге отырғызылып хан сайланады. Керей хан мен Жәнібек ханның бөлінуі Әбілхайыр хандығының ыдырауына әкеліп соқты. Әбілхайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылды. Аз уақыт ішінде Қазақ хандығындағы халық саны 200 мыңнан асып кетті. Бұл жаңа мемлекет Әбілхайыр ханға ұнамайды. Ол 1468 жылы Моғолстанға жорыққа шығады. Әбілхайыр хан кенет қайтыс болғандықтан жорық аяқталмай қалады. Әбілхайырдың орнына хан болған баласы Шейххайдар да көп ұзамай қазақтармен соғыста қайтыс болады. Керей мен Жәнібек құрған Қазақ ордасы осы кезеңде іргесін бекітеді. Керей хан Қазаң хандығын 10 жылдай билеген. Аңыз бойынша, Шу бойындағы Хан тауы етегінде жерленген.



Категория: Ұлы хандар | Добавил: Zhantik
Просмотров: 1120 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: