Четверг, 02.05.2024, 11:17
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Адамдар » Ұлы хандар

Жәнібек хан
09.05.2013, 20:22


  Жәнібек хан, әз-Жәнібек - Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, екінші қазақ ханы. Орыс ханның шөбересі, Барақ ханның ұлы (Орыс хан - Құйыршық хан - Барақ хан - Жәнібек хан). Туған жылы мен қайтыс болған жылы белгісіз. XV ғасырда, үшінші атадан қосылатын ағасы Керей ханмен түспа-түс өмір сүрген. Керей хан қайтыс болғаннан кейін Жәнібек хан Қазақ ордасында 1472-1475 жылдар шамасында билік құрған. Қазақ ордасының іргеленіп біржола қалыптасуы Жәнібек ханның тұсында болды. Жазушы М.Мағауин "Қазақ тарихының әліппесі” атты еңбегінде ол жөнінде мынадай баға береді: "Жәнібектің қазақ тарихындағы айрықша тұлға екендігінің белгісі - ол халық санасында әулиеге пара-пар, ақылды әрі әділетті әмірші ретінде таңбаланған, ұлттық тарихымызда жай ғана Жәнібек хан деп аталмайды, әз-Жәнібек хан деп аталады. Әз-Жәнібек - қазақ жұртының іргесін бекітіп, ордасын орнықтырған ұлы хан ғана емес, сол халықтың бар игілігіне ұйытқы болған ұлы әулеттің де негізін салушы. Қазақ ордасының құдіретті әміршілері, қазақ халқының ұлы перзенттері: Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан, әз-Тәуке хан, Абылай хан, ең соңы Кенесары хан, ұлы ғалымымыз Шоқан, Алаш Орда көсемі Әлихан Бөкейхан - барлығы да осы әулие әз-Жәнібек ханның тікелей ұрпақтары”. Керей хан мен әз-Жәнібек хан өз елін тарихтың барлық қиын жолынан аман алып өтті.



Категория: Ұлы хандар | Добавил: Zhantik
Просмотров: 836 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: