Четверг, 02.05.2024, 12:10
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Адамдар » Ұлы хандар

Жүніс хан
09.05.2013, 20:11


  Жүніс хан (1416/17 жылдар шамасында туып, 1487 жылы қайтыс болған) -Моғолстан ханы (1469 -1487 жылдары билеген). 20 жылдай Иранда тұрып , білім алған. 1469 жылдың қарсаңында Жүніс хан Ташкент пен Ферғанадан Ақсу мен Қашқарияға дейінгі жерді, Моғолстанның батыс бөлігі мен Қашқарияны өз қол астына біріктірген болатын. 1469 жылы Есенбұғаның ұлы Досмұхаммед қайтыс болып, Моғолстандағы билікті Жүніс хан қолына алды. Ол Дешті Қыпшақтағы үстемдігін нығайтуды көздеп, Қазақ хандығы иеленген Жетісуды өзіне қаратуға әрекет етті. 1469 жылы жоңғарлар Жетісуға шабуыл жасады. Жүніс хан Іле бойында Амасанжи бастаған жоңғар қолынан ойсырай жеңіліп, Сырдария бойына қашып кетеді. Бірақ оны Ташкент билеушісі қолға түсірді. Бір жылдан соң Жүніс хан болған. Жүніс хан 1487 жылы Ташкентте қайтыс болған. Басына үлкен мазар түрғызылған. босатылып, Моғолстанға жіберілді. XV ғасырдың 80-жылдары Жүніс хан Әбу Сайид мирасқорларының талас-тартысына араласып, 1482 жылы Сайрамды, 1485 жылы Ташкентті иеленді. Оның Мәуереннахр қалаларын басып алу ойы іске аспады. Көп үзамай Жүніс ханның қолында тек Моғолстанның батыс аймақтары ғана қалды. 1484 жылы Жүніс ханның кіші ұлы Ахмет хан (Алаша хан) әкесінен бөлініп, дулаттар мен көшпелі қырғыз ақсүйектерінің қолдауымен Қырғызстанда іс жүзінде тәуелсіз иеліктің негізін қалады. Ташкенттегі иелігін үлкен ұлы Сұлтан Махмұд хан мұраға алды. Жүніс ханның Мейір (Мехр) Нигәр, Құтлық Нигәр (Бабырдың шешесі), Хұб Нигәр (Мұхаммед Хайдар Дулаттың шешесі), Сұлтан Нигәр (Қасым ханның әмеңгерлік жолмен алған әйелі) есімді қыздары


Категория: Ұлы хандар | Добавил: Zhantik
Просмотров: 767 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Код *: